You are here

Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 42890
    Дата: 17.05.2018 14:41:27
    Аты-жөні: Абубакиров Марат
    Сұрақ:
    Павлодар облысының прокуроры Әбдіханов Қайрат Әлиханұлына Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы, Балықты елді мекенінің тұрғыны Абубакиров Марат Жұмабековичтен Тел.: 8 – 701 – 409 – 59 – 80 АРЫЗ 2012 жылдың 1-ші қарашасынан 2-сіне қараған түні Оңтүстік Қазақстан облысынан Павлодар облысына қыдырып барған 16.05.1978 жылы туылған ағайын інім Абубакиров Ерлан Балқыбекұлы Екібастұз қаласындағы бір кафеде таныс қызымен отырғанда бейтаныс екі жігіт келіп тиісіп, салдарынан арада ерегіс туындап, сол жерде төбелеседі. Масаң болып қалған Е.Абубакировты әлгі екі жігіт жабылып ұрып тастайды. Таяқ жеген Е.Абубакиров әлгі жігіттерді «разборка» жасаймыз деп, барлығы бір таксиге отырып, Екібастұз қаласы Горняков көшесі 12 «А» үйге алып келеді. Ол үйдің 56-пәтерінде менің туған інім, 20.10.1969 жылы туылған Абубакиров Дінмұхаммед Жұмабекұлы тұрады. Ерлан мас күйінде сол үйге кіріп, ұйықтап жатқан ағасы Дінмұхамедті оятып алып, екі жігіттің ұрып кеткенін айтады да екеуі сыртқа шығады. Сол кезде Ерлан өзімен бірге асхана пышағын ала шыққан екен. Сыртқа шығып, екі жақ тағы төбелеседі. Сол жерде бейтаныс әлгі екі жігіт те пышақталады. Айқай-шуды естіген көршілер полиция шақыртады. Олар келіп, пышақталған екі жігітті жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетеді. Оның біреуі, яғни Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы ертеңіне түске таяу ауруханада қайтыс болады. Екіншісі, яғни жергілікті тұрғынның жарақаты жеңіл болып, аман қалады. Полиция қызметкерлері оқиға болған түні інім Дінмұхамедті полиция бөліміне алып кетеді, ал Ерлан қашып кетіп, шамамен 200 метр қашықтықта тұратын қарындасым Абубакирова Гүлшира Жұмабекқызының үйін барып паналайды. Ертеңіне полиция Ерланды іздеп сол қарындасымның үйіне барғанда ол екінші қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп, тағы қашып кетеді. Сол пәтерде Ерлан өзінің туған інісі Руслан Абубакировке телефон шалып, «я завалил двоих, спасай меня» деп айтқаны телефонда жазылып, сақталып қалған. Ол осы оқиға бойынша қозғалған қылмыстық істе тіркеулі тұр. Оның үстіне пышақталып, тірі қалған жергілікті тұрғын өздеріне пышақ ұрған Ерлан екенін тергеу барысында ашық айтқан. Бұл да істе тіркеулі. Ерлан сол қашқаннан ұстатпай, оған полиция қызметкерлері Республикалық іздеу жариялады. Осы кезде Ерланның ауылдағы ата-анасы үйге екі-үш рет келіп, «ақыры Дінмұхаммед ұсталып қалыпты, сол қылмысты мойнына ала берсін, кейін ақша беріп шығарып аламыз» деген ұсыныстарын қайталап айтумен болған. Ал, менің інім Дінмұхамед 6 ай уақыт тергеу изоляторында отырып, ешқандай дәлелдің болмауы себепті босатылған болатын. Іздеуде жүрген Ерлан арада 6 жылдан астам уақыт өткенде ауылға келді. Өз үйінде жүргенде полицияның арнайы жасағы ұстап алып кетті. Осы кезде Ерланның әкесі Абубакиров Балқыбек көлігі мен қорасындағы 3-4 жылқыларын сатып, Павлодар облысында қамаудағы ұлының артынан 3-4 рет барып-қайтты. Артынша, дәлірек айтқанда небәрі бір-екі айдың ішінде қамаудағы Ерлан түк болмағандай үйіне қайтып оралды. Қазір үйінде емін-еркін жүр. Сонда кезінде қашып кетіп, 6 жыл іздеуде болған, оның үстіне «я завалил двоих» деп өз аузымен айтылған күдікті қамаудан қалай тез босатылды? Есесіне, кезінде ешқандай дәлел табылмаған менің інім Дінмұхаммед қазір жалғыз күдікті болып шыға келді. Қылмыстық істі Павлодар облыстық ІІД-інің аға тергеушісі Искаков Ринат тергеген болатын. Інім Дінмұхамедке қатысты кезінде ешқандай дәлел таппағандықтан, босатуға мәжбүр болған Р.Искаковтың көзқарасының күрт өзгеріп, менің інім Дінмұхамедті жалғыз күдікті етіп шығарғаны түсініксіз. Осы себепті біз облыстық ІІД аға тергеушісі Р.Искаковқа сенбейміз және басқа тергеушінің қарауына өткізуін сұранамыз. Олай болмаған жағдайда іс әділ тергелмейді деген күдігіміз бар. Інім Дінмұхаммед Абубакировтың жұбайы қайтыс болған, үйіндегі кәмелет жасқа толмаған, яғни бірі 16, екіншісі 15 жастағы екі ұлын жалғыз өзі асыраушы болып табылады. Бұл екеуінің өтпелі жаста екенін ескерсек, әкесі сотталған жағдайда қос ұлы асыраушысы мен тәрбиешісінен айырылып, сабаққа да бармай, теріс жолға түсіп кетуі де әбден мүмкін деген қорқыныш бар. Құрметті, Қайрат Әлиханұлы! Сізден сұранарымыз: бірінші кезекте жедел түрде тергеуші Ринат Искаковты бұл істі қараудан шеттетіп, басқа тергеушінің қарауына өтуіне ықпал етсеңіз. Екіншіден, осы істің әділ қаралуына қадағалау жасасаңыз деген сұранысымыз бар. 17.05.2018 жыл
    Жауап күні:
    24 мамыр, 2018 - 10:53
    Жауап:
    ҚР БП блогына М.Д. Абубакировке Облыс прокуратурасы Сіздің Д.Д. Абубакировке қатысты қылмыстық істі тергеуден Павлодар облысының ІІД аға тергеушісі Р.Г. Искаковты шеттеу жөніндегі өтінішіңізді қарастырды. Әрекеттегі қылмыстық-процессуалдық заңнамамен қылмыстық іс жөніндегі өндірісте тергеуші мен анықтаушының қатысуын болдырмайтын нақты жағдайлардың тізімі қарастырылғаны туралы түсіндіремін. Аталмыш жағдайда тергеуші Р.Г. Искаковты іс жүргізуден шеттеу мүмкін, тергеушінің жоғарыда аталып кеткен тізімге сәйкес келмейтін қылмыстық істің қағидаларын бұзған жағдайларды келтірдіңіз. Сонымен қатар, ҚР ҚПК 100 бабы бірінші тарауына сәйкес, сотқа дейінгі тергеуді жүргізетін тұлғаның, прокурордың, соттың немесе судьяның шешімдері мен әрекеттеріне ҚПК белгіленген тәртіпте, қылмыстық процесстің қатысушылары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалары шағымдануы мүмкін, өткізілетін процессуалдық іс-әрекеттердің олардың мүдделеріне қатысы болған жағдайда. ҚР ҚПК 64-66, 71-77 баптарына сәйкес, өз немесе өкілеттегі құқықтарды мен мүдделерді қорғайтын процесстің қатысушылары ретінде күдікті, айыпталушы, олардың қорғаушылары, жәбірленуші, азаматтық талапкер немесе жауапкер, кәмелетке толмаған айыпталушының, күдіктінің заңды өкілі, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің немесе жауапкердің өкілі болып табылады. Сіз қылмыстық процесстің қатысушысы немесе өткізілудегі процессуалдық әрекеттің қатысы бар тұлға болып табылмайтыңызды ескере отырып, Сізге қылмыстық процесстің қатысушысы болып табылатын тұлғаның және оның мүддесі үшін өтінішті берген тұлғаның прокуратура органдарына осы сияқты шағымды беруге құқықтары бар, және шағым ҚР ҚПК 105 бабының тәртібінде қарастырылатыны туралы түсіндіремін. Сіздің осы жауаппен келіспеген жағдайда, жоғары тұрған прокурорға шағым беруге құқығыңыз бар. Облыс прокурорының орынбасары Р. Қаймолдин орынд. Қ.Ғ. Толеубаев тел.315-068
  • Сұрақ №: 40651
    Дата: 03.03.2018 16:17:51
    Аты-жөні: Лебаева Асель
    Сұрақ:
    Сәлеметсіз бе! 7.08.2017 жылы Малайсары ауылында жол көлік оқиғасы орын алған. Екі жасөспірім (Шарипов Әділ Оралтаевич, Малайсары ауылы тұрғыны, Амантай Ерназар Рустамбекович, Павлодар қаласының тұрғыны) мотоциклмен менің қызымды (Ақсу қаласының тұрғыны) қағып кеткен. Сол жерде ауыл адамдары жедел жәрдем шақырып, баланы Павлодар облыстық ауруханасына алып кеткен. Диагноз: Перелом обеих костей правой голени со смещением. Сол кезден бастап (7 ай), аяғы әлі дұрыс бітпей, мектепке бара алмай, үйден оқуда. Қазір травматолог пен невропатологтың емін қабылдап жүр. Менің қызым атасына қыдырып барғандықтан, жанында ата-анасы болмаған. Сол себепті үлкендер жағынан психологиялық қысым жасалып, дәрігерге шындығын айтпаған. Мен участковыйға қоңырау шалып едім, сами разбирайтесь, ол ДТП, Көктөбеге барып жазыңыз, вы уже отказ написали деді. Сонда ол адам неге участковый болып отыр? Және анасы да, әкесі де отказ жазбағандықтан, оны біздің атымыздан кім жазған? Менің айтайын дегенім, неге ол балалар жүргізуші куәлігінсіз мотоцикл жүргізеді? Ешқандай жаза қолданылмағандықтан, ол бала әлі де мотоциклмен көшеде жүреді екен. Сонда адамдарды басып жүре береді ме? Ол баланы сотталсын деп отырғаным жоқ, бірақ, кінәлілер тиісті жазасын алу керек сияқты. Бұл сұрақ облыс әкімінің сайтына жіберілді, бірақ жауабы қанағаттандырмайды. Баланың әкесінің туыстары қағып кеткендіктен, ол отказ жаздым дейді. Бірақ, мен, анасы онымен келіспеймін! Ауруханада күнде баланың жанында отырғандықтан, шағымды кеш түсіріп отырмын. Қолымда дәрігердің анықтамалары бар, Малайсары ауылының тұрғындарының бәрі куәгер бола алады. Лебаева Асель Оразбековна.
    Жауап күні:
    28 маусым, 2018 - 18:18
    Жауап:
    Құрметті Асель Оразбекқызы! Сіздің 03.03.2018 ж. Бас Прокурорының тұғырнамасына келіп түскен өтінішіңіз бойынша келесіні хабарлаймын: Май аудандық ішкі істер бөліміне 07.08.2017 жылы Май аудандық орталық ауруханасынан Малайсары ауылы, Аубакиров көшесі 2 үйінде тұратын кәмелетке толмаған В.Н. Қаратай 2003 ж.т. «закрытый перелом обеих костей голени справа» деген диагнозымен медициналық хабарлама келіп түсті. Тексеріс барысында әкесі 14.05.1980 ж.т. Нұрлан Қаратайұлы Аманжоловтың түсініктемесінен кәмелетке толмаған В.Н. Каратай 07.08.2017 жылы сағат 17:30 шамасында үй ауласындағы баспалдаққа көтеріліп, абайсыздан құлағандығы туралы айтты. Оған қоса, Н.Қ. Аманжоловтын өтініші бойынша қызының жоғарыда көрсетілген дене жарақаттарын өзінің немқұрайлығы есебінен алғандығынан, ешқандай шара қолданбауын сұрады. Осы жағдайды ескере отырып, осы хабарлама тексерусіз номенклатуралық істің есебіне тіркелген. Н.Қ. Аманжоловтын теріс мәлімет бергендігінен жол қөлік оқиғасын орын алған, және адамға жәрәқат жасау фактісі Май ауданының ІІБ-не тіркелмеген. Сіздін арызыныз бойынша Май ауданы ІІБ-нің анықтау тобының полиция лейтенанты М.Ш. Мурзалинов 05.03.2018 жылы ҚР ҚК 345 бабы 1 бөлімімен № 185556031000014 қылмыстық іс қозғалді. Ауызша өтініш бойынша шара қабылдамау және заңсыз әрекеттер сұрағы бойынша жол көліктік апаты фактісіне аудандық прокуратурамен тәртіптік өндіріс қозғалды. Осы жауаппен келіспесеніз жоғарғы прокуратураға шағым жасауға құқығыңыз бар.
  • Сұрақ №: 39906
    Дата: 08.02.2018 11:52:38
    Аты-жөні: Байгурманова Галия
    Сұрақ:
    Құрметті Серік Садуақасұлы!Кешіріңіз мен сізге 27 қаңтар 2018 жылы хат жолдаған болатынмын менің хатым 39453 болып тіркелген. Күнде жауабынызды күтіп жүрмін,менен кейінгі келіп түскен хаттарыңызға жауап беріп жатырсыз.
    Жауап күні:
    23 ақпан, 2018 - 10:53
    Жауап:
    Г.Д. Байгурмановаға -------------------------------- Бас прокурорының блогына Құрметті Галия Даулетовна! Павлодар облысының прокуратурасы 2018 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Блогына түскен М.К. Жетписбаевтың сот актісін орындамауына қатысты сұрағыңызды атқарушылық өндіріс материалдарын зерттеумен қарастырды. 2018 жылғы 13 ақпанда жоғарыда аталған Блогта түсініктеме сипатындағы жауап (№2-13-18-01458) орналастырылды. Осы жауаппен келіспеген жағдайда Сіз жауаптың көшірмесін қоса беріп, жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Облыс прокурорының орынбасары Р. Қаймолдин ? Зиядов Е.А. ( 8 (7182) 31-51-01
  • Сұрақ №: 39453
    Дата: 27.01.2018 11:02:44
    Аты-жөні: Байгурманова Галия
    Сұрақ:
    Құрметті Серік Садуақасұлы!Мен Байгурманова Галия Даулетовна 15.01.1989ж.,ИИН 890115450478 (87768168889)сізге бұл хатты жазып отырған себебім алимент жөнінде кімге?қайда?барып көмек сұрайтынымды білмей сізден бір нақты жауап аламын деген оймен жазып отырмын.Мен қазіргі таңда кәмелеттік жасқа толмаған екі бала тәрбиелеп отырмын:1).Жетписбаев Нурсултан Медетович 06.07.2011ж.2).Жетпісбай Ағылан Медетұлы 14.05.2013ж. Бұрыңғы күйеуім,яғни балаларымның әкесі Жетписбаев Медет Кадырбекович алимент төлемей қашқақтап жүр,қоңырау шалсам күнде ертеңімен анау мынау деп бір сылтау табады.Қəзіргі таңда 1 жылдың ішінде жиналған қарыз ақшасы 600.000мың теңгеге жуық.Астында көлігі бар өзінікі,бірақ ол көлігі өзінің атына тіркелмеген екен,сол себепті біз ештеңе істей алмаймыз дейді менің жеке сот орындаушым Жандос Жаксылыкович Утебеков,сонда ол тайрандап жүреді екен анда мында шапқылап,мен сонда осының барлығына көзімді жұмып қол қусырып отыруым керек пе?Күнде Баянауыл-Павлодар-Баянауыл арасына такси болып жұмыс жасайды.Сізден өтініп сұрайтыным осы хатымды толық оқып және де нақты жауап аламын деген ойдамын. Жетписбаев Медет Кадырбековичтің жүргізуші куəлігінен айырып,көлігін арестке қойсам деген ойым бар жəне де осы жиналған сомманы алуға көмек берсеңіз.Алдын ала көп рахмет.Жетписбаев Медет Кадырбекович толық мекенжайы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қаражар ауылы үй тел:8(718-40)-9-03-70,ұялы телефоны 87768295000,ИИН 890122350559
    Жауап күні:
    14 ақпан, 2018 - 09:21
    Жауап:
    Құрметті Галия Даулетовна! Павлодар облысының прокуратурасы Сіздің М.К. Жетписбаевтан кәмелет жасқа толмаған балаларды асырап-бағу үшін борышкердің табысының және (немесе) өзге де кірісінің 1/3 мөлшерінде алимент өндіру туралы сот актісінің орындалмауы туралы сұрағыңызды атқарушылық өндірісті зерттеумен қарастырды. 2017 жылғы 21 шілдедегі жеке сот орындаушысы С.Б. Мукановтың қаулысымен М.К. Жетписбаевтан кәмелет жасқа толмаған балаларды асырап-бағу үшін борышкердің табысының және (немесе) өзге де кірісінің 1/3 мөлшерінде Сіздің пайдаңызға алимент өндіру туралы атқарушылық өндіріс қозғалғаны анықталды. Жеке сот орындаушысы С.Б. Муканов қызметін тоқтатуына байланысты атқарушылық өндірістерін, атап айтқанда М.К. Жетписбаевқа қатысты атқарушылық өндірістерін де жеке сот орындаушысы Ж.Ж. Утебековке тапсырған (2017 жылғы 24 тамыздағы тапсыру – қабылдау актісімен). жеке сот орындаушысы Ж.Ж. Утебековтің 2018 жылғы 10 қаңтардағы қаулысына сәйкес М.К.Жетписбаевтың алимент бойынша қарызы 295 974 теңгені құрады (2018 жылғы 01.01 жағдайына). Сонымен қатар жеке сот орындаушысы Ж.Ж. Утебеков атқару кезінде мәліметтер базасы арқылы борышкердің мүліктік жағдайын, зейнетақы жарналарын және екінші деңгейлі банктердегі есептік шоттарындағы ақшалай қаражаттарын тексерумен ғана шектеліп, борышкердің елден шығуына тыйым салған. Заңда қарастырылған басқа шараларды ЖСО Ж.Ж.Утебеков қабылдамаған, осыған орай 2018 жылғы 07 ақпанда Павлодар облысының Әділет департаменті жеке сот орындаушыларының Өңірлік Палатасына Ж.Ж.Утебековті тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыным енгізді. Павлодар облысы ЖСО Өңірлік палатасы басшысы С.Т.Жумашевтың 2018 жылғы 12 қаңтардағы №1 бұйрығымен Баянауыл ауданы аумағында атқарушылық құжаттарды орындау ЖСО А.К.Айтыбаевқа бекітілген. Қазіргі уақытта атқарушылық өндіріс орындау үшін жеке сот орындаушысы А.К. Айтыбаевқа тапсырылды, оған заңнамен белгіленген барлық шараларды қабылдау, яғни борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту тапсырылды. Облыс прокурорының орынбасары Р. Қаймолдин ? Зиядов Е.А. ( 8 (7182) 31-51-01
  • Сұрақ №: 39265
    Дата: 21.01.2018 22:18:24
    Аты-жөні: Текебаева Гульнара
    Сұрақ:
    Здравствуйте. прошу Вас, помощи, суть в том что я увидела рекламу в интернете что мобильный телефон хороший качество 100 процентов. мы женщины пресклонного возраста часто поподаем на уловки интернетчиков. такая история получилось и у меня. значит оформляю телефон и мне доставляют телефон без качественный. Адрес вроде был в Алматы, а доставляют из Павлодара. Хотела возвратить и получить деньги обратно.Позвонила по телефону в котором указан номер он вообще не отвечает. Оплату сделала при получении. В рекламе было написано 39400 при получении заплатила 45300 тг. Подумав что это качественный товар. адрес ТОО "GREENSHEEP" 140092 ул. Ак. Сатпаева 50 супермаркет посылок#1. г. Павлодар , +77786007803, заказ № 16176 индекс 140008. Прошу Вас, помочь. Вся надежда только на Вас.Заранее благодарю за Вашу помощь. Пожалуйста найдите эту фирму.
    Жауап күні:
    26 қаңтар, 2018 - 08:56
    Жауап:
    Уважаемая Гульнара Ошакбаевна! Прокуратурой города Павлодар рассмотрено Ваше обращение о реализации некачественного мобильного телефона, поступившее на Блог Генерального Прокурора. Разъясняю, что согласно ст.15 Закона «О защите прав потребителей» (далее - Закон) потребитель, которому продан товар ненадлежащего качества, если его недостатки не были оговорены продавцом, вправе по своему выбору потребовать уменьшения покупной цены и устранения недостатков товара. При этом если на товар установлен гарантийный срок, потребитель вправе предъявить требования, связанные с недостатками товара, при их обнаружении в течение гарантийного срока (ст.17 Закона). Кроме того, согласно ст.22 Закона Вы как потребитель вправе обращаться с претензией к продавцу (изготовителю, исполнителю) товара (работы, услуги) об устранении нарушений прав и законных интересов и возмещении причиненного убытка (вреда) в добровольном порядке. Если в течение десяти календарных дней продавец (изготовитель, исполнитель) не даст ответа на претензию или откажется устранить нарушения и возместить причиненный убыток (вред), потребитель вправе обратиться в суд. Одновременно разъясняю, что согласно ст.ст.40, 41, 42 Закона вышеуказанные действия Вы вправе реализовать на основании письменного заявления посредством услуг общественного объединения, осуществляющего деятельность по защите прав потребителей. В этой связи по доводам, указанным в обращении, Вам следует обратиться в Павлодарское областное общество защиты прав потребителей (г. Павлодар, ул.Каирбаева,34). В случае несогласия с принятым решением, Вы вправе обжаловать его в вышестоящую прокуратуру, приложив настоящий ответ. Прокурор г. Павлодар Е. Булегенов Исп. Кожубаева Ж.А., тел.: 553795

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.