You are here

Ақпарат прокуратура органдары жүйесіне қызметке түсушілер үшін ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Елбасының бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлттық жоспарына сәйкес құқық қорғау органдарына алғашқы рет түсуші азаматтарды іріктеудің үш сатылы жүйесі енгізілді.

Бірінші кезең. Мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу бойынша тестілеуден, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  жөніндегі агенттігінде немесе оның аумақтық органдарында (бұдан әрі – уәкілетті орган) жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден өту.

Екінші кезең. Агенттікте іріктеуден өтіп,  Мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу бойынша тестілеуден өткені туралы  Сертификат пен Құқық қорғау қызметі лауазымына үміткер ретінде жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу нәтижелері жөніндегі қорытындыны  алған соң үміткер тікелей құқық қорғау органдарындағы іріктеуге және конкурсқа қатысуға құқылы (прокуратура, ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі).

Үшінші кезең. Құқық қорғау органының конкурстық комиссиясының әңгімелесуінен өту.

Құқық қорғау қызметіне алғаш рет түсуші азаматтарды тестілеу ережесі, бағдарламасы және оны ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  жөніндегі агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығымен бекітілді.

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.