Ақсу қаласының прокуратурасы «Тұрғындармен кешенді жұмыс» аясында азаматтардың өзекті мәселелерін шешудің жоспарын жетілдіруде. | Павлодар облысының прокуратурасы

You are here

Ақсу қаласының прокуратурасы «Тұрғындармен кешенді жұмыс» аясында азаматтардың өзекті мәселелерін шешудің жоспарын жетілдіруде.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақсу қаласы прокуратурасының қызметкерлері «Тұрғындармен кешенді жұмыстың» алдын ала қорытындыларын шығаруда. Бүгінгі таңда Ақсу ауылдық аймағының 600-ден астам тұрғыны құқықтық көмек ала алды. Ақсу қаласы прокуратурасының қызметкерлері азаматтарды 18 ауылдық пунктіде қабылдады. Тұрғындармен жұмысқа прокурорлар әкімдік және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлерін, дәрігерлерді, медиаторлар мен бизнес өкілдерін тартқан болатын.  

Анықталғандай, тұрғындарды көп кезекте тұрғын үйге қол жеткізу мен медициналық қызметке жүгіну мәселесі толғандырады. Сол себептен олардың басым бөлігі осы мәселелерге қатысты кеңестерді алып жатты. Осылайша шалғай жатқан ауылдық пунктілердің тұрғындары қалаға шығып, шенеуніктердің табалдырығын тоздырмай-ақ өздеріне қажетті көмекке қол жеткізді. Мәселен, Ақжол ауылының тұрғындарымен әңгіме барысында екі жергілікті зейнеткер әйелдің заң бойынша өздеріне міндетті әлеуметтік көмек жайлы хабарсыз болғаны анықталды. Жұмыс тобының мамандары оларға барлық қажетті құжаттарды жинап, рәсімдеуге көмектесті. Материалдық көмек зейнеткерлерге Қарттар күніне орай көрсетілмек.

Ал Евгеньевка ауылының тұрғыны он алты жыл бойы қалыпқа келтіре алмаған жеке куәлігіне қол жеткізді. Дәл осы ауылдың тағы бір азаматшасына жүктілік пен босану жөніндегі әлеуметтік жәрдемақыны алуға көмек көрсетілді. Болашақ ана өзіне тиісті төлемдер жайлы мүлдем білмеген екен.

Тәжірибе ауылдықтардың өз құқықтарын мүлдем білмейтінін көрсетті. Олар бастарына белгілі мәселе туса, қайда барып, кімнен сұрайтынынан хабарсыз болып шықты. Осы себептен де еш қажеті жоқ түрлі арыздар жазылуда. Сондықтан Ақсу қаласының прокурорлары тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді. «Кешенді жұмыс» Ақсу ауылдық аймағы тұрғындарының құқықтық сауаттылық деңгейін жоғарылатуға мол мүмкіндік берді. 

Ауылдық аймақтарға сапарлау барысында мамандар жұмыссыздарға 300-ден астам бос орындарды ұсынды. Мысалы, Парамоновка ауылында пробациялық бақылаудағы тұрғын жергілікті ЖК қара жұмысқа орналастырылды. Үштерек ауылының екі тұрғыны Үштерек орта мектебінде жастар тәжірибесі бойынша жұмыспен қамтылды.   

Бүгінде «Тұрғындармен кешенді жұмыс» жалғастырылуда. Прокурорлар әкімдікпен бірлесіп, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешудің жоспарын жетілдіруде. Онда мамандар түйткілдерді шешудің мерзімдері мен нақты атқарушыларын, мәселені шешудің амалдарын көрсетуде. Бүгінде арнайы реестр құрылып, оған шамамен жиырма сұрақ енгізілді. Олардың басым бөлігі ТҮКШ қызмет көрсетуіне қатысты болып отыр. Тұрғындар көбінесе электрэнергиясын беру, судың жоқтығы, медициналық пунктілер мен ауылдық жолдарды ретке келтіруге байланысты шағым түсірген.

Азаматтардың түйткілді мәселелерін шешу жоспарына Ақсу қаласының шенеуніктері осы айда кіріспек. Атқарылған жұмыстың нәтижесі жайлы міндетті түрде хабарлайтын боламыз. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.