Ақсу прокуратурасы әкімдікке жер телімдерінің иелерін анықтауға көмектесуде | Павлодар облысының прокуратурасы

You are here

Ақсу прокуратурасы әкімдікке жер телімдерінің иелерін анықтауға көмектесуде

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақсуда 10 жылдан астам уақыт бойы жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдері ұсынылмаған. Павлодар облысы Ақсу қаласында жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін алу кезегінде үш мыңға жуық адам тұр. Әкімдікте мәлімдегендей, бюджетте қаражаттың жоқтығынан бұл мәселе ұзақ уақыт бойы шешілмей келген.

Қазан айының соңында 460 адамға жер учаскелері беріледі деп көзделген. Бұл мақсаттарға жергілікті және республикалық бюджеттерден екі миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Алайда жергілікті әкімдік жер телімдерінің барлық иелерін таба алмай отыр.  Қуанышты жаңалыққа 255 адам үн қатты. Олар жер қатынастары бөліміне 11 жыл бұрын өтініш жолдаған болатын. Осы жылдардың жүзінде кейбіреулері шетел асып кеткен. Сондықтан 200-ге жуық адам табылмай тұр. 

Ақсу қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жер телімдерінің айқын, ашық берілуі қамтамасыз етілмек. Ал әкімдік өкілдері қазіргі кезде жер телімдерінің иелерін іздестіруде. Құрылыс аймағында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылуда. Қолданысқа енгізілгеннен кейін тиісті орган бір айдың көлемінде кезекте тұрғандарға хат жазып, учаскелердің бөлуге дайын екенін ескертеді.

  Аталған мәселе барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуде. Табылмай жатқан жер телімдері иелерінің тізімі жергілікті баспасөз басылымдарында жарияланады. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.