You are here

Ақсудағы күлді дауыл

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақсу қаласындағы күлді дауылдардың соғуына «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ  күл үйіндісінде бірінші секциясының толуы себеп болып отыр.

Дауылдың бейнежазбасын YouTube желісіне қала тұрғындары жіберген. Ағымдағы жылдың 24 мамырында Павлодар облысының табиғат қорғау прокуратурасы атмосфералық ауаның ластану фактісі бойынша облыстың Экология департаментіне  тексеріс жүргізуді тапсырды.

2017 жылғы 31 шілдеде экологтар жүргізген кешенді тексеру барысында  акционерлік қоғамның күл үйіндісінде бірінші секциясының толуына байланысты 2016 жылғы қыркүйек айында  пайдаланудан алынғаны анықталды.

Акционерлік қоғам оны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуі тиіс еді. Алайда қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізуде эмиссияға рұқсат алу рәсімінің ұзақтығы жобалық шешімдерді іске асыру үшін конкурстық процедураларды уақытылы бастауға кедергі болды.

Осыған орай күл үйіндісі алаңы ішінара құрғапжелді күндері оның үстіңгі қабатынан шаң көтеріледі.

Қазіргі уақытта шаң көтерілуін  болдырмау мақсатында күл үйіндісі секциясын  топырақпен жабу және күл шығарылымдары арқылы  қосымша су беру жолымен ылғалдандыру жүргізілуде.

Қабылданған шаралар барысында Экология департаменті жүргізген қоршаған ортаға келтірілген 11 млн. теңге мөлшеріндегі залалды акционерлік қоғам өз еркімен өтеді. Осы мөлшерде салынған бірқатар әкімшілік айыппұлдар да төленді.

 

 

Павлодар облысының

табиғат қорғау прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.