You are here

«Алименттер. Алимент төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасы басталғалы алимент төлемеген 1137 борышкер жұмысқа орналастырылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жобаның басты мақсаты - жұмыс істемейтін борышкерлерді жұмысқа орналастыру, себебі алимент өндіріп алу туралы 9,3 мың құжаттың  6,7 мыңы бойынша ғана алимент төленеді. Қалған 2,5 мың құжат бойынша борышкерлер жұмыс істемейді.

Ағымдағы жылы прокуратура  жаңа әдістер қолдана бастады, атап айтқанда, қоғамдық мiн тағу және медиация.

Қоғамдық мін тағу және дұрыс жолға бағыттау алимент төлеушілердің  ата-аналық сезімдерін ояту үшін қолданылады. Бұған ардагерлер кеңесі, жергілікті қоғамдастықтар, құрметті ақсақалдар тартылады.

 Борышкер бұрынғы жұбайына ерегесіп алимент төлемеген жағдайда медиаторлардың көмегі қажет болады. Медиация арқылы  тараптар бiтiмге келіп,  отбасы қайта қосылуы мүмкін.  Қазіргі уақытта медиаторлар шамамен 53 отбасын қауыштырды. Бұл отбасылық құндылықтарды сақтауға және балалардың толық отбасында тәрбиеленуіне жағдай жасайды.

Үйлестіру барысында прокуратура бұрынғы ерлі-зайыпты М. және Г. арасындағы келіспеушілікті реттеу туралы келісім жасады. Қол жеткізілген келісімге сəйкес азамат Г кəмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп асыру үшін алименттік міндеттемелері есебіне меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі Екібастұз қаласындағы 2 бөлмелі пәтерін берді. Қарызы 1,3 млн. теңгеден астам соманы құраған.

 

Жұмыс істемейтін алимент бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыру  мақсатында облыс прокуратурасы Жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп, бос жұмыс орындары туралы ақпарат жинауды ұйымдастырды.  Бүгінгі күні 2000-ға жуық бос жұмыс орындары «Умикум» ЖШС-ның мынадай интернет сайттары мен басылымдарда орналастырылды:

- «Тегін хабарландырулар газеті» (апта сайынғы тиражы 7 мың дана).

- «Навигатор Павлодар» сайты (22 мың апталық шолу)

- «Knopka.kz» сайты (143 мың апталық шолу).

Бос жұмыс орындары туралы мәліметтер апта сайын жаңартылады.

Тікелей прокуратураның күшімен қабылданған шаралар нәтижесінде 289 борышкер жұмысқа орналастырылды, сот орындаушылары мен жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіру арқылы  1005 борышкер жұмысқа орналастырылып, олардың еңбек ақысынан өндіріп алу жүзеге асырылуда. Жоба басталғалы 1137 адам жұмысқа орналастырылды.

Бұл шара «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңының талаптарын сақтау бойынша бұдан бұрын жүргізілген жұмыстың жалғасы болып табылатынын атап өткен жөн.

Ұзақ уақыт бойы алимент төлемеген 50 борышкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, баласына қаражат беруден жалтарған тағы 370 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алименттен қашқан 409 адамға іздеу салынды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 4359 балаға қатысты жалпы сомасы 407 841 435 болатын 3998 құжат бойынша іс аяқталды.

 Осы бағытта жұмыс жалғасуда.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.