You are here

Арнайы прокурорлар басқармасы сотталған Б.Абдыкаримовты, сондай-ақ 26 сотталғандарды азаптау және өзіне қол жұмсауға жеткізу фактісі бойынша істі тергеуді аяқтады.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

        Сотталған Б.Абдыкаримовты (дзюдо бойынша 5 дүркін чемпион,  КСРО спорт шебері)  азаптау және өзіне қол жұмсауға жеткізу туралы  қылмыстық іс бойынша Павлодар облысы ҚАЖД АП-162/3 түзеу мекемесінің  үш лауазымды тұлғасы күдікті деп танылды.

        Екі күдікті  режимдік бөлім бастығы Е.Т.Канкиннің және жедел бөлімнің жедел уәкілі К.С.Мукановтың іс-әрекеттері ҚК 105 бабы 2-бөлігі, 146 бабы 2 бөлігі 1 тармағы және 361 бабы 2 бөлігі бойынша сараланды (Абдыкаримовты өзіне қол жеткізуге дейін жеткізу, куәларға қысым көрсету бөлігінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану), К.Мукановтың іс-әрекеттері қосымша ҚК 146-бабы 1 бөлігі 2 тармағы бойынша (бірнеше рет жасалу белгілері бойынша)  сараланды.

        Түзеу мекемесінің бұрынғы бастығы Е.Т.Саспановтың іс-әрекеті ҚК 361 бабы 4 бөлігі бойынша (2016 ж. 21.02 Абдыкаримовты дене мүшесін зақымдаушылық фактісі бойынша теркеусіз қалдыру және шаралар қабылдамау бөлігінде   лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) сараланды.

        Сотқа дейінгі тергеу кезінде 2016 жылғы 20 ақпаннан бастап 28 ақпанға дейін сотталған Б.Абдыкаримовқа  Мекеме қызметкерлері Е.Т.Канкин мен К.С.Мукановтың тарапынан психикалық және тән зардабын келтірілгені анықталды.

        2016 жылғы 21 ақпанда Б.Абдыкаримов қарсылық білдіріп,  2 жасақта әйнекті сындырып, өзінің қарнына және екі білек сүйегіне 130 кесілген жарақат салған.

        Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалан отырып, Е.Саспанов бұл фактіні тіркеусіз қалдырған. Б.Абдыкаримовты жалғызкісілік камераға кіргізбей, оны медициналық-санитарлық бөлімге ауруханаға жатқызуға шешім қабылдаған.

        2016 жылғы 23 ақпанда Б.Абдыкаримов екінші рет өзінің дене мүшесіне зақым келтіруге әрекет жасады, сол үшін Мекеменің күдікті қызметкерлері ұрып-соққан.

        2016 жылғы 24 ақпанда 05 сағат 50 мин шамасында Б.Абдыкаримов К.Муканов және Е.Канкиннің заңсыз әрекеттерінен болған психикалық жағдайында ашынып, әрі үмітсіздіктен, қатты үрейленген күйінде медициналық-санитарлық бөлім палатасындағы шыныны сындырып, оның сынықтарымен өзінің мойнын кесіп, өлімге әкелген жарақат салған.

        Сонымен бірге сотталған С.Муратбековтің өліміне әкеп соқтырған 26 сотталушыға қатысты азаптауды қолдану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу де аяқталды.

        Іс бойынша Мекеменің үш жедел қызметкері, сондай-ақ осы мекемеде жазаларын өтеп жатқан үш сотталған тұлға  күдікті деп танылды.

        Жедел бөлімнің жедел уәкілдері Р.Мухатаев, А.Жунусовтың  іс-әрекеттері (екеуіне қатысты үй қамағы таңдалды), М.Токибаевтың (қамау), сондай-ақ сотталғандар А.Подлипалин (қамау), Г.Дошлохаев (үй қамағы) және В.Данилов (кепіл) ҚК 146 бабы 2 бөлігі 1, 3 тармағы және 146 бабының 3 бөлігі бойынша сараланды:

  • адамдар тобы жасаған денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтiре отырып, сондай-ақ сотталған С.Муратбековтің өліміне әкеп соқтырған оның денсаулығына аса ауыр зиян келтіре отырып,  лауазымды адамның не олардың айдап салуымен не олар біле тұрып немесе олардың үнсіз келісімімен басқа адамның қасақана тән зардабын және (немесе) психикалық зардап шектiруi.

        Сотқа дейінгі тергеу кезінде 2016 жылғы 17 маусымда Павлодар қаласы АП-162/3 Мекемесінде жоспарлы этаппен 26 сотталған тұлға жеткізіліп, оларға кейін «Әкімшіліктің ерікті көмекшілері» ұйымына кіретін сотталғандар мен Мекеме қызметкерлері тарапынан тән азабы және психикалық зардап келтірілгені анықталды.

        Дене жарақаттарын келтіру салдарынан 2016 жылғы 18 маусымда сағат 18.30-да сотталған С.Муратбеков Павлодар қаласының АП-162/2 Мекемесінің Орталық соматикалық ауруханасына жатқызылды, сағат 19.30 минутта есін жинамастан қайтыс болды.

        Қазіргі уақытта қылмыстық іспен жәбірленушілер мен күдікті тұлғаларды таныстыру сатысында.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде 2016 жылғы 17 маусымда Павлодар

қаласы АП-162/3 Мекемесінде жоспарлы этаппен 26 сотталған тұлға жеткізіліп, оларға кейін «Әкімшіліктің ерікті көмекшілері» ұйымына кіретін сотталғандар мен Мекеме қызметкерлері тарапынан тән азабы және

психикалық зардап келтірілгені анықталды.

Дене жарақаттарын келтіру салдарынан 2016 жылғы 18 маусымда

сағат 18.30-да сотталған С.Муратбеков Павлодар қаласының АП-162/2 Мекемесінің Орталық соматикалық ауруханасына жатқызылды, сағат 19.30 минутта есін жинамастан қайтыс болды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іспен жәбірленушілер мен күдікті

 тұлғаларды таныстыру сатысында.

 

 

 

 

Сотқа дейінгі тергеу кезінде 2016 жылғы 17 маусымда Павлодар

қаласы АП-162/3 Мекемесінде жоспарлы этаппен 26 сотталған тұлға жеткізіліп, оларға кейін «Әкімшіліктің ерікті көмекшілері» ұйымына кіретін сотталғандар мен Мекеме қызметкерлері тарапынан тән азабы және

психикалық зардап келтірілгені анықталды.

Дене жарақаттарын келтіру салдарынан 2016 жылғы 18 маусымда

сағат 18.30-да сотталған С.Муратбеков Павлодар қаласының АП-162/2 Мекемесінің Орталық соматикалық ауруханасына жатқызылды, сағат 19.30 минутта есін жинамастан қайтыс болды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іспен жәбірленушілер мен күдікті

 тұлғаларды таныстыру сатысында.

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.