You are here

Әке, көмектес

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

        Железин  ауданының прокуратурасының ықпалымен 600 мыңнан астам қарызы бар әке жұмысқа орналастырылып, қарызы бар 10 әке есепке қойылды.

        Аудан  прокуратурасы кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау бойынша, атап айтқанда, олардың пайдасына алимент өндіріп алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі.

       Осыған байланысты «Алиментер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын іске асыру бойынша 2017 жылдың 30 қаңтарында аудан әкімі орынбасарының, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының, сонымен қатар  ауданның уәкілетті және мүдделі органдары басшыларының  қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

        Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ауылдық жерлерде алименттерді өнідіріп алу мәселесін шешудің сындарлық жолдары әзірленді, яғни борышкерлерді жұмысқа орналастыру жөніндегі мәселе талқыланды.

        Алименттерін қасақана төлемей жүрген борышкерлермен жүргізілетін жұмысқа қоғамдық кеңестер де тартылды.

        Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ақпан айында мемлекеттік сот орындаушысы алимент өндіріп алу туралы 2 проблемалы атқарушылық өндірісін аяқтады.

        2017 жылдың 16 ақпанында  аудан әкімдігінің мәжіліс залында жергілікті атқарушы органдармен және  қоғаммен бірге алимент өндіріп алу бойынша бірлескен жұмыстарды күшейтуге бағытталған отырыс өткізілді. Бұл кездесуге соғыс және еңбек ардагерлерінің аудандық кеңесінің төрағасы, ауданның жұмыспен қамту орталығының директоры, Железин ауданының Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры, білім беру бөлімінің басшысы, аудан мешітінің имамы, сондай-ақ борышкерлер де қатысты.

        Кездесу  барысында 2 әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп, осы тақырыпта мектеп оқушылары өлең оқыды.

        Сонымен қатар жұмыспен қамту мәселесін шешуге жәрдем көрсету үшін  «2017-2021 жж. өнімді жұмыспен қамтуды дамыту және кәсіпкерлікті жаппай дамыту» мемлекеттік бағдарламасы талқыланды.

        Железин ауданы Кәсіпкерлер палатасы филиалының басшылығы жұмыссыз борышкерлерді жұмыспен қамту, қарызға ақша алу барысында көмектесу, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда кеңес беру, атап айтқанда, заңгерлік мәселелер бойынша, салық салу, бухгалтерлік есеп, маркетинг және т.б. мәселелер бойынша жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.      

        Сонымен бірге жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 10 борышкер Жұмыспен қамту  орталығына  тіркелді, оның ішінде 656  051 теңге қарызы бар бір борышкер  жұмысқа орналастырылды.

        Атқарылған жұмыс нәтижесін 2017 жылдың бірінші тоқсан қорытындысын талқылауда қарастыру жоспарланды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.