You are here

Әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу мәселесі бойынша брифинг өтті.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

6 қаңтарда облыс прокуратурасында облыс прокурорының орынбасары Қ.Ғ.Артықбаевтың қатысуымен әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу мәселесі бойынша брифинг өтті.

2016 жылы әкімшілік тәжірибе субъектілері 2 179372 904 теңгеге айыппұл салған.

Уәкілетті органдар айыппұлдарды өндіріп алу бойынша жұмыстарды тиісінше жүргізбеген, қасақана төлемеушілерге қатысты заңда қарастырылған шаралар қолданылмаған.

Осыған орай 2016 жылғы екінші жартыжылдықта прокуратура әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдады. Әсіресе, ішкі істер органдары мен сот орындаушыларының айыппұлдарын өз еріктерімен төлемеген тұлғаларды ӘҚтК-нің 669-бабы негізінде әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстары үйлестірілді. Онда «Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау» - бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде (21210 тг.) айыппұл салу түріндегі жазаны қарастырады.

Бұндай әдістің басты мақсаты азаматтарды заңнама талаптарын сақтау ға және құқықтық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.

Жалпы облысымызда 2016 жылы аталған бап бойынша  ЖҚЕ саласындағы құқық бұзушылықтар үшін (547 тұлға), ұсақ бұзақылық жасаған үшін (938 тұлға), көріктендіру ережесін бұзғаны үшін (288 тұлға), сондай-ақ алименттерді (368 тұлға) және азаматтардың пайдасына берешектерді (29 тұлға) өндіріп алу туралы сот актілерін орындамау фактісі бойынша айыппұл төлеуден жалтарған тұлғаларға қатысты 2170 әкімшілік хаттама құрылған.

Қазіргі уақытта 1609 әкімшілік іс сотта қаралды, олардың нәтижелері бойынша 1243 тұлғаға қатысты қамауға алу түріндегі жаза, 367 тұлғаға қатысты 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл тағайындалды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 7 784 070 теңге.

Облысымыз  айыппұлдарды төлеттіру механизмін қолдану бойынша алда келе жатқанын атап өткен жөн.

Қолданылған шаралар нәтижесінде салынған 2,1 млрд. теңгеден 1,3 млрд. теңге немесе 71% айыппұл өндіріліп алынды, ал бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша өндіріп алу пайызы 35% аспайтын.

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.