You are here

Әкімшілік сотта Павлодар Прокуратурасы жол жүру ережелерін бұзғаны үшін тәртіпке тартылған қала тұрғынының құқықтары қорғалды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Әкімшілік сотта Павлодар Прокуратурасы жол жүру ережелерін бұзғаны үшін тәртіпке тартылған қала тұрғынының құқықтары қорғалды.

ОПБ инспекторының хаттамасы бойынша азаматша «Б» Ережелердің 3.3 пунктін (жаяу жүргіншілер жолдың жүргін бөлігін жаяу жүргіншілер жолы бойынша өтеді) бұзып, велосипедте Кутузова-Ак.Чокина көшелерінің жүргін бөлігін кесіп өтіп, «Mercedes» автомобилімен соқтығысқа ұшырады.

Қатысқан прокурор бар мәліметтерді мұқият қарап, IIБ әрекеттерінің заңды болмағанын анықтады.

 «Жол қозғалысы туралы» Заңның негізі бойынша велосипед жүргізушілері жол жүру ережелеріне сәйкес, яғни басқа көлік құралдары жүргізушілерімен бірдей дәрежеде, жолда қозғалуға құқықтары бар,.

Бұл жағдайда, жүргізуші жүргін бөлікті жаяу жүргіншілер жолына шықпай велосипедте кесіп өтті.

Демек, ол жаяу жүргінші болмағандықтан, Ережелердің 3.3 пунктінің талаптары оған таралмайды.

Сонымен қатар, сотта велосипедист жүктіліктің 5 айында болып, велосипедтен құлап құйымшақтың жабық сынығы түрінде дене жарақатын алғаны анықталды.

Өзінің тұжырымдамасында прокурор әкімшілік іс бойынша өндірісті тоқтатуға және жіберген бұзушылықтары үшін ІІБ-на жеке қаулы шығаруға сұрады.

Прокуратураның өтініші 2017 жылдың 27 шілдесінде соттың қаулысымен толыққанды қанағаттандырылды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.