You are here

Құқық бұзушылықтар үшін 1 381 жүргізуші куәлігі алынды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылы Павлодар облысының прокуроры С.С.Қарамановтың бастамасымен алқа отырысында облыс ІІД жергілікті полиция қызметіндегі түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жүргізуші куәлігінен айыру туралы сот қаулысын орындау мәселесі бойынша тексеру нәтижелері қаралды.

2015-2016 жылдары облыс соттары жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін 6 мыңнан астам жүргізушіні куәлігінен айырғаны анықталды, оның ішінде 2 мыңнан астам құқық бұзушының жүргізуші куәлігін полиция қызметкерлері алмай, сот қаулысы орындалмаған.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша облыс ЖПҚ басшылығына  әкімшілік заңнама талаптарын бұзуға жол бермеу шараларын қабылдау туралы тапсырма берілді.

Осыған орай жергілікті полиция қызметі «Жүргізуші куәлігі» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізді, нәтижесінде 1 381 жүргізуші куәлігі алынды, 713 куәліктің жоғалу фактісі бойынша материалдар ішкі істер органдарының ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді.

Сөйтіп, құқық бұзушылардан тапсырылмаған жүргізуші куәліктері алынды және көлік құралдарын жүргізуде  жүргізуші куәлігін заңсыз пайдалану фактілерінің жолы кесілді.

Заң бұзушылыққа жол берген үшін облыс Ішкі істер департаментінің бірқатар лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар Бас прокуратура әкімшілік кодекске тұлғаның жүргізуші куәлігін тапсырған немесе одан алып қойылған  күннен бастап арнайы құқықтан айыру мерзімін есептеу бөлігінде өзгерту енгізуді қолдады.

Осыған байланысты құқық бұзушыға жүргізуші куәлігін жасырудың еш мәні болмайды, өйткені сот қаулысын орындау мерзімі оның жүргізуші куәлігін тапсырған күнінен басталады. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.