You are here

Қылмыстық процесті реформалар туралы Павлодар облысының прокурор орынбасары Б. Мырзакеров түсіндірме шең берінде сұхбат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қылмыстық процесті реформалар туралы Павлодар облысының прокурор орынбасары Б. Мырзакеров түсіндірме шең берінде сұхбат - 2121162612

2017 жылғы тамыз айында Елбасы құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Қылмыстық қудалау жүйесін жаңғырту мәселесі қарастырылды, соның ішінде қылмыстық процесте азаматтарды қорғау деңгейін арттыру, тергеу рәсімдерін, қылмыстық процестің жарыспалылығын жеңілдету, сотқа дейінгі сатыда сот бақылауын одан әрі кеңейту, қылмыстық қудалау, прокуратура  органдары және сот арасындағы өкілеттіктерін нақты бөлу және бір-бірін қайталауды болдырмау. ГФР, Ұлыбритания, Эстония және Грузия елдеріне шығумен шетел тәжірибесі зерделенді.

Жумыс тобы усынады:

1. Қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылмайтын негіздемелер тізімін кеңейту ұсынылады, яғни, адамды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес басқа бұлтартпау шарасын қолдануға болмайтын ерекше жағдайларда ғана қолданылуы тиіс. Алайда бұл ұйымдасқан қылмыстық топтарға (ҰҚТ) және қылмыстық ұйымдарға қатысты емес.

2. Адамды 48 сағатқа дейін қамауда ұстау (қолданыстағы заңнама бойынша 3 тәулікке дейін)түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілгенге дейін ұстау мерзімін қысқарту. Бұл айыптауды нақтылайтын дәлелдемелер жинау үшін ұстау мерзімін қысым көрсету және мәжбүрлету тәсілі  ретінде пайдалану қаупін азайту үшін қажет.  

3. Құқық қорғау органдарының тергелетін іс-әрекеттен тыс дәлелдемелер жинау тәжірибесіне жол бермеу.

4. Адвокаттардың дәлелдемелер жинау бойынша құқықтарын кеңейту ұсынылады, бұған қажетті тергеу амалдарын жүргізу туралы өтінішпен сотқа тікелей жүгіну де кіреді.

5. Қылмыстық теріс қылықтар, анық және болмашы қылмыстар бойынша іс жүргізуді жеңілдету бойынша шаралар қабылдау, бұйрықты іс жүргізуді (эстон тәжірибесіндегі үлгі бойынша), яғни қылмыстық сот ісін жүргізудің барынша жеңілдетілген нысанын енгізуді қоса алғанда.

«Қылмыстық процесті оңтайландыру» жобасының шеңберінде бұндай жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, біздің облысымызда ағымдағы жылдың  маусым айынан бастап сотқа жіберілген қылмыстық істердің (302)  65 пайызы 10 тәулік ішінде аяқталды (195).

6. Сот бақылау саласын кеңейту ұсынылады, ең алдымен жария емес тергеу амалдарын қоса алғанда шектеу сипатындағы құқықты процестік әрекеттерді санкциялау нысанында. 

Ұсынылған шаралар айқындылықты арттыруға  және қылмыстық сот ісін жүргізуде құқықтық қорғау механизмін нығайтуға мүмкіндік береді. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.