You are here

Май ауданындағы прокуратурада әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Павлодар облысы бойынша ҚСжАЕКБ-ның ақпаратына сәйкес ағымдағы жылдың 7 айы ішінде Май ауданы аумағындағы өндіріп алынған айыппұлдардың көлемі 72,6% құрап отыр.

Аудан прокуроры С. Теміров бұл сұрақты  аудандық сот, ішкі істер бөлімі қызметкерлері мен сот органдарының өкілдері қатысқан ұйым арасындағы кеңесте қозғады.

Бүгінгі күні ҚР заңының 669 бабына сәйкес, қарызданушыларды уақытша бостандығынан айыру тәжірибесі көптеп қолданылады. Және бұл оң нәтиже беріп отыр.

893 бабқа сәйкес заң бұзушы өкімді орындамаған жағдайда, (айыппұлды өз еркімен төлеу туралы өкім) аталмыш өкім сот орындаушысына мәжбүрлеп төлеу үшін жіберіледі.

Өз кезегінде, ҚР «Сот орындаушыларының статусы мен өнідірісі туралы» Заңының 118 бабына сәйкес жеке сот орындаушысының жұмысы қарызданушының есебінен төленеді және ол 25 пайызды құрайды.

Жиын барысында әкімшілік тәжірибе субъектілеріне сот орындаушыларымен орындалған айыппұлдарға тексеріс жұмыстарын жиі өткізу шешілді.

Сот орындаушыларына ҚР «Сот орындаушыларының статусы мен өнідірісі туралы» Заңының 37 және 39 баптарына сәйкес шаралар қолдану. Материалдарды құрау және оларды сот органдарына жіберу жұмыстарын жандандыру. ІІБ қызметкерлеріне және сот орындаушыларына рейдтік тексеріс жұмыстарын жоспарлап, қарызданушыларды тексеру жұмыстарын қолға алу тапсырылды.

Атқарылған жұмыс бойынша ақпараттарды қалың бұқара білу үшін БАҚ –та жариялау, билбордтарды орнату, дауыс шығарушы аппараттар арқылы халық көп шоғырланған жерлерде хабарлау жұмысы қолға алынуы тиіс. Сондай-ақ атқарушы органдардың ғимараттарында айыппұлдар мен оларды төлеу жолдары туралы хабарландыру орналастыру. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.