You are here

Май ауданының прокуратурасы «Парасатты аймақ-Қауіпсіз» жобасын аудан аумағында 07.01. 2017 ж. дөңгелек үстел өткізді.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Май ауданының  прокуратурасы «Парасатты аймақ-Қауіпсіз» жобасын аудан аумағында жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің, сот, ішкі істер бөлімінің, мемлекеттік кірістер басқармасының, денсаулық сақтау саласы және ішкі саясат бөлімі өкілдерінің қатысуымен 2017 жылы 07.01. «Нұр Отан» ХДП филиалында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар алкоголь өнімдерінің заңсыз саудаға шығуы және мобильді топтың жұмыс жоспарын талқыға салды.

Жиын барысында аудандық аурухана жанындағы психолог және нарколог кабинетінің жұмыс жоспары әзірленді. Сондай-ақ ішкі саясат бөліміне алкоголь өнімдерінің зияны жайлы видеороликті қалың жұртшылыққа көрсету тапсырылды.

Алдын алу мақсатында аудандық «Шамшырақ» газетінде  жобаның іске асырылуы және қабылданып жатқан шаралар туралы мақала жарыққа шықты.

Сондай-ақ аудан орталығының селолық округ әкімдігі ғимаратында орналасқан жүгіртпе жолға мобильді топтың жұмысы туралы ақпарат ұсынылды.

«Павлодар Энерго сбыт» ЖШС электр қуатын бақылаушы қызметкерлері арқылы жобаның жүзеге асуы туралы және қажет болған жағдайда  аудан прокуратурасының сенім телефоны көрсетілген ақпараттық парақшалар таратуға берілді.

         2016 жылғы 24 қаңтарда Баскөл селолық округінде мобильді топтың жұмысы барысында алкаголь өнімін белгіленбеген уақытта заңсыз сату фактісі тіркелді.

Май аудандық сотының қаулысымен «Людмила» дүкенінің сатушысы азаматша А.Е. Есшанова  алкоголь өнімін заңсыз сатқаны үшін ҚР ӘҚБтК 200-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Аталмыш мақсатта жасалынып жатқан жұмыстар бұқараға жергілікті «Шамшырақ» аудандық газеті арқылы жеткізіледі.

Аудан және ауыл әкімдерінің және жергілікті полиция қызметінің есептік кездесуінде  алкогольдік өнімдерді сату туралы заңнаманы сақтау бойынша талаптар халыққа түсіндіріледі.  

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.