You are here

Облыс прокуратурасы «Элекор Күзет» күзет агенттігі қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы бойынша тағы бір фактіні анықтады.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

        Облыс прокуратурасы «Элекор Күзет»  күзет агенттігі қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы бойынша тағы бір  фактіні анықтады.

        2016 жылғы 23 наурызда «Элекор Күзет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күзет агенттігінің қызметшілері «Гамарджоба» дәмханасына келуші бір адамға дене жарақатын келтірген,  нәтижесінде оның сол жақ білек сүйектері сынған.

        2016 жылғы 23 наурызда осы факті бойынша Солтүстік полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 252-бабы бойынша (Жекеше күзет қызметтерi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалануы)  сотқа дейінгі тергеуді бастады.

        Тергеудің осы кезеңінде бұл оқиғаға екі күдікті тұлғаның қатыстылығы анықталды, олардың біреуіне №2 сотпен  қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы бекітілді.

        Сондай-ақ Орталық полиция бөлімі өндірісінде «Элекор Күзет» агенттігі күзетшілерінің «Бар Вест» дәмханасына келуші әйел адамға қатысты бұрыш шашатын баллон қолданып, өз өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

        Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу  қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес жалғасуда.   

        Істі тергеу барысы Павлодар қаласы прокуратурасының бақылауында.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.