You are here

Облыс прокуратурасымен көлік құралдарын басқару құқығынан айыру туралы сот қаулыларын орындау кезіндегі заңдылықты сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізілді.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

        Облыс прокуратурасымен  көлік құралдарын басқару құқығынан айыру туралы сот қаулыларын орындау кезіндегі заңдылықты сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізілді.

        2015 жылдың  1 қаңтарынан бастап жүргізушілердің көлік құралдарын мас күйінде жүргізгені үшін қамауға алуға дейінгі қатал әкімшілік  жауапкершілік  жаңа әкімшілік кодексіне енгізілді.

        Осыған қарамастан, бұрынғы кезде жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілермен болған жол-көлік  оқиғаларын тіркеу жалғасуда, олардың жүргізу куәліктері алынбаған, нәтижесінде олар рөлге қайта отырған және жол қозғалысының ережелерін бұзуды жалғастырған.

        Атап айтқанда, облысымызда осындай жүргізушілердің кінәсі  бойынша 37 жол- көлік оқиғалары тіркелген, осының салдарынан 3 адам қаза тапты және 17 тұлға әр түрлі дене жарақатын алды.

        Жүргізушілер тарапынан жол  ережелерін  бұзуының  қайталануының бір себебі, оларға   жазаның берілмеуі болып табылады, бұл жағдай әкімшілік өндірісі қозғалған кезде, полиция қызметкерлерімен көптеген  жүргізу куәліктерінің алынбауына себепші болады.

        Сонымен, талдау жүргізілген кезең ішінде  облыстағы соттармен 6 147 тұлға көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған, олардың ішінен, бастапқы кезде 1 368 тұлғаның жүргізу куәліктері полиция қызметкерлерімен алынбаған.

        Әуесқой көлік жүргізушілері қандай  жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін  көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру түрінде жаза қолдану көзделгенін жақсы білетінін атап өту керек, осымен бірге, олар полиция қызметкерлеріне жүргізу куәліктерін қасақана ұсынбайды.

        Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған, өздерінің жүргізу куәліктерін  жасырып жүрген жүргізушілерге қатысты заңда көзделген барлық шаралар қолданылатын болады.

        Әкімшілік заңнамасының талаптарын бұзудың анықталуы бойынша, сонымен қатар, көлік құралдарын басқару құқығы тоқтатылған кезде, сот актілері талаптарының орындалмауына байланысты құқықбұзушыларға шаралар қолданылмағаны үшін облыс прокуратурасымен Павлодар облысының ІІД-не  ұсыныс жолданды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.