You are here

Облыс прокуратурасымен Павлодар облысының республикалық көлік жолдарын күтіп ұстау кезінде заңнаманы қолдану мәселесі бойынша алқасы өткізілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

          Облыс прокуратурасымен Павлодар облысының республикалық көлік жолдарын күтіп ұстау кезінде заңнаманы қолдану мәселесі бойынша алқасы өткізілді.

          Облыс аумағындағы республикалық көлік жолдарының жалпы ара қашықтығы 1 510 км құрайды, оның ішінен  ШЖҚ  РМК  «Қазақкөлікжолы»  Павлодар  облысы филиалының күтіп ұстауына  1 143,2 км кіреді.

          Республикалық көлік жолдарын күтіп ұстау ШЖҚ  РМК  «Қазақкөлікжолы»   мен «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ-ң (бұдан әрі - «ҚазАвтоЖол» АҚ) арасындағы  шарттың негізінде жүзеге асырылады, осы мақсаттарға 2016 жылы 1 150 756 090 теңге бөлінді.

Қалған  құрылыстық учаскелерді шарттар бойынша мердігерлер күтіп ұстауы керек ((«Uniserv» ЖШС, АҚ ЗТ «ДенаРахсазКонтракшн», ЖШС «АҚ-ЖОЛ», ЖШС фирма «Автодорсервис», ЖШС «АБК Автодор НС» және ЖШС «Павлодаржолдары»).

          Осы  нарық  (республикалық көлік жолдарын күтіп ұстау) мемлекеттік  кәсіпорындармен  монополияланғанын, ресурстар жетпеген кезде олар қоғамның қажеттілігін қанағаттандырмайтынын, жол қозғалысына қатысушыларды сапалы қауіпсіз жолдармен қамтамасыз етпейтінін тексеру көрсетті.

          Мемлекеттің  басты мақсаттарының (бес институттық реформа) бірі  - бизнесті дамыту  мен қолдау.

          Қазіргі таңдағы жағдай кезінде, қаралып отырған нарықта (республикалық көлік жолдарын күтіп ұстау) бизнес-қоғамдастығының қатысуы көзделмеген.

          Біз, мемлекет жағдайды өзгерте отырып,  осы нарықты бәсекелестік ортаға  тапсырып, тек қана  көлік жолдарын күтіп ұстау ауыртпалығын өзінен алып тастап қана қоймайды деп ойлаймыз,  бірақ, жаңа нарықты кәсіпкерлермен, жаңа жұмыс орындарымен, салықтардың түсуімен қамтамасыз етеді және азаматтардың тұрмысын жақсартады, осы мәселелер Қазақстан Республикасының Инвестициялар және дамыту Министрлігіне жіберілген ұсыныстарда  бастама алған (бұдан әрі -  Министрігі).

          Нақтылы айтсақ, ведомствоаралық мүдделері ретінде, қысқы көлік жолдарын күтіп ұстау  «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ мен ШЖҚ «Қазақкөлікжолы» РМК-н қарастырылады, республикалық көлік жолдарында пайда болатын құқықтық қатынастар тек бір ғана ведомствоның – Министрліктің мүддесі болып табылмайды, ал, бірінші кезекте қоғамның мүддесі болып табылады.

          Осыған байланысты, Министрліктің (Павлодар  облысы филиалының «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» ) құрылымдық бөлімшесінің әрекетсіздігі, сонымен қатар,  міндеттерін сапасыз орындауы жалпы мемлекеттік билік пен облыстық атқару билігінің атына  тұрғындар тарапынан объективтік түрде наразылық білдіруді туғызады.

          Филиалда арнайы техника болмаған кезде, көлік  жолдарын күтіп ұстау  бойынша өзіне қосымша міндеттемелер қабылдау фактілері, ШЖҚ  «Қазақкөлікжолы»  РМК-ң Нұсқаудың талаптарын орындамауы бойынша  және  жол  ұйымдарының көлік жолдарын қысқы мезгілде күтіп ұстау дайындығының бақылауын орындамағанын туғызғаны үшін, сонымен қатар, «ДенаРахсазКонстракшн»  ЗТ АҚ -қа  қатысты құрылыстық учаскені сапалы күтіп ұстау бойынша шарттың  талаптарының орындалмауына байланысты  шаралар қабылданбауы бойынша облыс прокуратурасымен Министрлікке   ұсыныс жолданды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.