You are here

Облыстық прокуратурада өткізілген брифингте кәмелетке толмағандарға қатысты заңдардың сақталуын қадағалау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Облыстық прокуратурада өткізілген брифингте кәмелетке толмағандарға қатысты заңдардың сақталуын қадағалау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды. - 1705208979

Облыс прокуратурасы тарапынан кəмелетке толмағандардың мүдделерін қозғайтын шұғыл жəне өзекті мəселелерді шешу бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

 

Биылғы жылы прокуратура кәмелетке толмағандар арасында өзіне өзі қол жұмсауды болдырмау жөніндегі «Шығар жол бар» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастырды.

Прокуратураның бастамасы бойынша білім беру бөлімінде Ақпараттық технологиялар орталығы құрылды, онда IT-мамандары интернет кеңістігіне бақылау жүргізеді. Облыстағы барлық мектептердің (387 мектептің) ішкі тәртібі ережелеріндегі оқу сабақтары кезінде смартфондарды пайдалануға тыйым салу бөлігіне өзгерту енгізу ұсынылды. Оқушылардың ата-аналарымен алдын-ала әңгімелесу жүргізілді.

 

Биыл облыс прокуратурасы облыстық балалар арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің  психоневрологиялық орталығының тәрбиеленушілеріне қамқорлықты қолға алды.

 

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде  10 баланың терезеден құлау  оқиғасы анықталды, олардың 6-ы өлімге әкеп соқтырды.

Осындай жазатайым жағдайлар дәстүрлі терезелерді металл пластик (москитті торлары бар) терезеге ауыстырылған тұрғын үйлер мен ғимараттарда жиі кездеседі.

Шын мәнінде, терезе құрылымдарының қауіпсіздігіне қосымша талаптарды қарастыратын құрылыс нормалары мен ережелеріне өзгерістер енгізу туралы ҚНжЕ талаптарын (24.06.16 № 11-Н бұйрығы)  құрылыс компаниялары елемеген.

Кәмелетке толмағандардың өліміне әкеп соқтыратын жағдайларға жол бермеу үшін облыстық прокуратура облыс әкіміне заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізді.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда облыста кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар 64% -ға (86-дан 31-ге дейін) төмендегені байқалды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.