You are here

Павлодар қаласының прокурорлары мектепте медиативтік тәжірибені қолдануды ұсынды.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Павлодар қаласының прокурорлары мектепте медиативтік тәжірибені қолдануды ұсынды.  - 1328021907

Павлодар қаласы мектептеріндегі жасөспірімдер арасындағы дауды  мектеп медиациясы арқылы реттеу және неке-отбасы,  баланың ата-анасы арасындағы дауларды сотқа дейін шешу жолдары «Жасөспірімдердің проблемалары және оны шешу жолдары» тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстелда талқыланды.

- Мектепте медиативтік тәжірибені пайдалану даулы жағдайлар санын азайтады және оқу орындарындағы психологиялық ахуалды, балалардың сабақ үлгерімін жақсартады, - деп санайды Павлодар қаласы прокуратурасының бөлім бастығы С.Қ. Жүрсінов.

Ювеналды сот ісін жүргізу тәжірибесі көрсеткендей, мектеп ішіндегі даулы жағдайлар, көбінесе, қылмыстық құқық бұзушылыққа немесе өзге де құқық бұзушылықтарға әкеп соғады. Мектеп медиациясы жасөспірімдер арасында медиативті тәсіл принциптерін кеңінен таратуға, оң қарым-қатынастарға шақырады, оларды әлеуметтендіруге, сезімтал ой-өрістерін дамытуға, қауіпсіз мектеп ортасын құруға жағдай жасайды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар қала  мектептерінде  мектеп медиациясын енгізу жоспарын әзірлеп, жуық арада оны іске асыруға кірісу жөнінде шешім қабылдады.

 

 

 

 

Павлодар қаласы прокуратурасының

Азаматтық және әкімшілік істер бойынша

 сот актілері мен атқарушылық іс жүргізу

заңдылығын қадағалау бөлімі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.