You are here

Павлодар облысының прокуратурасында өндірістік жарақат алу мәселесі бойынша алқау отырысы өткізілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

        Еңбекті қорғау мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер тарапынан өзіне тұрақты назарды талап ететін аса маңызды әлеуметтік-экономикалық проблема болып қалуда.

        Жұмыс берушілердің еңбек жағдайын жақсартуға ниет білдірмеуі, жұмыскерлердің құқықтық және техникалық сауатсыздығы жазатайым оқиғалардың негізгі себептері болып табылады. Адамның жұмыс басында жарақат алуы, қаза болуы және мемлекет тарапынан жұмсалатын экономикалық шығындар өндірістік жарақатқа жатады.

        Соңғы бес жыл ішінде Павлодар облысында өндірісте 87 адам қаза тапты. 2016 жылы өлім-жітіммен аяқталған жазатайым жағдайларының жоғары саны тіркелді -27 (2015 жылы – 9). Соңғы екі жылдың талдауы көрсеткендей (2015 және 2016 жылдар) өндірісте жарақат алу 7 % өскен.

        Индустриялы орталық болғандықтан, Павлодар облысы өндірістегі жазатайым жағдайлар саны бойынша алдыңғы қатарда тұр. Егер 2016 жылы зардап шеккендердің саны 2015 жылмен салыстырғанда республика бойынша 2 307-ден 1 683-ке дейін төмендесе, аймақ бойынша 164-тен 191 дейін артты.

        Тексеру барысында жұмыс беруші жұмыскер алдындағы жауапкершілігін шектету үшін түрлі тәсілдерді қолданатыны белгілі болды. Әсіресе, жазатайым оқиғалар кезінде қызметтерді көрсетудің «жалған» шарттары немесе мердігерлік жұмыстар ұсынылады. Бұндай мәмілелер еңбек қатынастарының туындауына және жұмыс берушілер үшін «сырқаттану парақтарын» төлеу, кәсіби сырқаттануларды төлеу салдарына жол бермейді. Осылайша, 2015 және 2016 жылдары тоқтатылған 24 қылмыстық істің 8 жағдайында жұмыс беруші мен жұмыскер арасында еңбек шарты жасалмаған.

        Тау-кен-металлургия және энергетика өнеркәсібі, құрылыс салалары өндірістік жарақаттануға аса ықпалды болып табылады. 90%-дан астам оқиға Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында орын алған.

        Зардап шеккендер, көбінесе, «ТНК «Казхром» АҚ-АЗФ, «Алюминий Казахстана» АҚ, «KSP Steel» ЖШС ТПФ, «Кастинг» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС, «ЕЭК» АҚ-да тіркелді.

        Бірнеше жыл бойы аталған ұйымдарда уәкілетті орган тарапынан кешенді тексерулер жүргізілмеген.

        Өткен жылдың желтоқсанында прокуратура уәкілетті мемлекеттік орган қызметіне тиісті талдау жүргізді. Талдау нәтижелері көрсеткендей, мемлекеттік еңбек инспекторлары өндірістік жарақат алу деңгейін азайту үшін шара қолданбайды және уәкілетті органның қызметін мұқият зерделеуге негіз болып отыр. Еңбек басқармасы басшысының парамен ұсталу жағдайы осы салада қалыптасқан жағдайлардың шынайы себептерінің жасырылуын дәлелдейді.

        Өндірістегі жазатайым жағдайлар туралы медициналық мекемелердің еңбек инспекциясына хабарламаған  200-ден астам фактісі анықталды.

        Сотқа дейінгі 162 тергеудің басым бөлігі қылмыс құрамының болмауына байланысты тергеушілермен тоқтатылды. Ал сотқа 4 іс қана жіберілді (2015 және 2016 жылы 2 істен). Тексеру барысында прокуратура қылмыстық істі тоқтату туралы осындай 8 шешімнің күшін жойды. Осындай амалды қолдану себептерімен прокурорлар талдау жүргізуде, бірақ осындай істі зерттеуге тергеудің дайын еместігін қазірдің өзінде айтуға болады. Осыған байланысты прокуратураның нұсқауы бойынша ішкі істер органдарында осы санаттағы істерді зерттеу жөніндегі тұрақты жедел-тергеу тобы құрылды.

        Облыс прокуратурасы қазіргі уақытта осы нормаларға өзгерістер енгізуге бастамашылық етті, прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.

 

 

 

          Павлодар облысының про куратурасы    

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.