You are here

Павлодар прокуратурасындағы жас және тәжірибелі қызметкерлерінің арасындағы пікірталас

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Павлодар прокуратурасындағы жас және тәжірибелі қызметкерлерінің арасындағы пікірталас  - 512537661

Ақиқат даудың барысында ашылады… Павлодар облыстық прокуратурада ерекше дебаттық турнир өтті. Жас та болса тәжірибелі қызметкерлер жүйеде болып жатқан өзгерістер бағдарламасына қатысты ойларын жеткізді. Басты тақырып – «Жаңа пішіндегі Прокуратура».

Зияткерлік ойынға екі команда қатысты: «Лига перемен» және «Консерваторлар». Бірінші командаға әлі аттестациядан өтпеген сегіз қызметкер кірді. Ал консерваторлар қатарында көпжылдық тәжірибесі бар, саланың жілігін шағып, майын ішкен, жетекшілік қызметтердегі мамандар болды.

Турнир үш кезеңде өтті. Атап айтсақ, командалардың сәлемдесуі, дебаттар мен әділ-қазылар алқасының, сондай-ақ залдағы көрермендердің жолдаған сауалдары. Пікірталас барысында қос команда да қазылар алқасын өз дұрыстығына көндіруге тырысып, позицияларына берік болды.

Мәселен, консерваторлар командасы жұмыстың бұрынғы форматының тиімділігін алға тартты. Қызметкерлер өз тәжірибесіндегі мысалдарды келтірді. Мемлекеттік органдардағы заңдылықты анықтаудың әдіс-тәсілдерін келтірді.

Өз кезегінде жас мамандар «Прокуратура» жайлы жаңа Заңның перспективаларын тілге тиек етті. Ол қабылданған жағдайда жас қызметкерлерде жаңа, нақты жауапкершілік аумағы пайда болады. Прокурорлар бұрынғыдай азаматтар тарапынан келетін арыз-шағымдардан бас көтере алмайтындай болмайды. Бұдан былай оларды өзге де атқарушы органдар қарастырады. Сондықтан басты назар қылмыстық процесте азаматтардың құқығын қорғауға қойылады. Бұл «Лиги перемен» командасының тұжырымы.

Бұдан бөлек, командалар қылмыстық үрдістегі прокурордың жаңа рөлдері мен тұрғындардың сенімін арттыруға бағытталған тәсілдерді талқыға салды. 

Павлодар прокуратурасындағы жас және тәжірибелі қызметкерлерінің арасындағы пікірталас  - 1507814175
Павлодар прокуратурасындағы жас және тәжірибелі қызметкерлерінің арасындағы пікірталас  - 628202353
Павлодар прокуратурасындағы жас және тәжірибелі қызметкерлерінің арасындағы пікірталас  - 894189201
Павлодар прокуратурасындағы жас және тәжірибелі қызметкерлерінің арасындағы пікірталас  - 472310620

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.