You are here

Павлодар прокурорлары мемлекеттің 64 млн теңге сомасын жоғалтудың алдын алды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

        Павлодар қаласы прокуратурасының наразылығы бойынша Павлодар қалалық сотының «Павлодар облысының жерді пайдалануды бақылау мен қорғау басқармасы» ММ-нің «А» азаматқа жалпы аумағы 1,2 га пайдаланылмайтын жер учаскесін ықтиярсыз алу туралы қуынымы бойынша шығарылған заңсыз шешімінің күші жойылды.

         Сот уәкілетті органның талабын негізсіз деп танып, жоғарыда аталған жер учаскесін ықтиярсыз алудан бас тартты.

         Павлодар қаласының прокуратурасы мемлекеттің материалдық мүддесін қорғаштай отыра, соттың іс үшін маңызды жағдайларды қате белгілеу мен анықтауына, сонымен бірге материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбауына байланысты аталмыш шешімнің күшін жоюға апелляциялық наразылық енгізді.

        Прокурордың наразылығы бойынша Павлодар облыстық сотының сот алқасының қаулысымен сот шешімінің күші жойылды және «А» азаматқа меншік құқығына жататын, жалпы аумағы 1,2 га мақсат бойынша пайдаланбаған және игерілмеген жер учаскесін ықтиярсыз алу туралы жаңа шешімі шығарылды.

        Апелляциялық наразылықты енгізу арқылы мемлекеттің 64 миллион теңге сомасын жоғалтудың алды алынды.

        Одан басқа, жоғарыда аталған жер учаскесіне қатысты Павлодар қаласының прокуратурасы Павлодар қалалық сотының К.О. Арантаевқа тиесілі, дауға негіз болған жер учаскесі бойынша екі азаматтық іс бойынша шешіміне екі рет наразылық білдіргенін атап айтуға болады.

        Өткен жылы прокурордың наразылығы бойынша Павлодар облыстық сотының сот алқасының қаулысымен соттың бірінші сатысының «АТФ Банкі» АҚ-ның «Казстрой-ПВ» Құрылыс компаниясы» ЖШС-не, «ЛогоСервис ПВ» ЖШС-не, «А» ЖШС-не қуынымы, атап айтқанда жоғарыда аталған жер учаскесін істі жаңадан қарастыруға жолдаумен өндіріп алу бойынша шешімінің күші жойылды. Жаңадан қарастыру барасында 2017 жылғы 14 наурыз  күні сот «АТФ Банкі» АҚ-да кепілдікте тұрған жоғарыда айтылған жер учаскесін өндіріп алу өтініші толық көлемде қабылданбады.

        Қазіргі уақытта жер учаскесі «Павлодар қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-не сату үшін тапсырылды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.