You are here

Прокуратура жетімдердің құқықтарын қорғауда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

        Екібастұз қаласының төрт отбасы мемлекеттен пәтерге қол жеткізді. Тұрғын-үй беру мәселесі бойынша жетім балалардың құқықтарын қорғауға  прокуратураның араласуынан кейін олар пәтер кілтіне ие боды.

 

        Павлодар облысында 26 мың адам пәтер алу кезегінде тұр. Көбі тосумен оннан аса жыл өткізеді. «Меншік иесі болуға құқылы» обасының аясында Екібастұз қаласының прокуратурасымен жергілікті тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автокөлік жолдары мен жолаушылар көлігі Бөлімінің қызметі тексерілді.

        «Тексеру барысында анықталғаны 2017 жылғы ақпан айына біздің қалада шамамен 6 мың адам тұрғын үйге мұқтаж, оның арасында ауыр түрдегі науқастар, көп балалы және толық емес отбасылар, жетім балалар мен әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар бар. Сонымен қатар тұрғын-үйді кезектен тыс беру фактілері анықталды. Тексеру кезінде анықталғаны: МТҚ-нан пәтерлерді уақытында бермеудің негізгі себептерінің бірі жергілікті атқарушы органның тиісті жұмыс істемегендігі. Аталмыш факті бойынша прокурорлық ықпал ету актісі енгізіледі».- деп айтты Екібастұз қ. прокуратурасының бөлім бастығы бірінші сыныпты заңгер Алмаз Амангелдінов.

        ТКШБ қызметкерлері келесі мән-жайды түсіндірді, бұдан бұрын істеген қызметкерлер 2012 жылы кезекте тұрғандарды мекенжайларын ауыстырғандықтан таба алмаған. ТКШБ қызметкерлері оларды іздеп табуға уақыт кетірмеген. Алайда қадағалаушыларға бұл қиындық тудырған жоқ.  Екібастұз қ.прокуроры Берік Адамов Инстаграм ресми парақшасын ашқаннан кейін, тұрғындар әр түрлі арыздар мен сұрақтарды  әлеуметтік желіге жолдай бастады. Бұдан кейін мемлекеттен пәтер алу бойынша көкейкесті мәселе анықталды,  бұд тексеру жүргізуге себеп болды.

         Татьяна Михайловна Корман, жетімге қамқоршы:

         «Менің немерем кезекте 9 жыл тұрды. Керең-мылқау, жетім. Мен оның қамқоршысымын. Пәтерді ол бір жыл бұрын алатын еді, алайда бізді жылжыта берді, құрылыс тоқтатылып қалғандығын айтты. Ал басқалары кілтке ие болды. Көмек көрсеткен үшін прокурорларға үлкен рахмет. Барлық мәселел шешілгендігіне біз ризамыз».

          Осымен тексеру аяқталған жоқ. Қазіргі уақытта екібастұздық прокуролар иесіз деп танылған 22 пәтерді ТКШБ қызметкерлері неге мемлекет балансына бермегенін анықтауда. Бұл да қос ондық қалалықтың күтуін қысқартушы еді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.