Шетел азаматтарының 200 млн. теңге қарызы бар | Павлодар облысының прокуратурасы

You are here

Шетел азаматтарының 200 млн. теңге қарызы бар

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шетел азаматтарының 200 млн. теңге қарызы бар - 1922787059

Павлодар облысы прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, одна шетел азаматтарынан әкімшілік айыппұлдарды өндіру мәселесі талқыланды.

Соңғы екі жыл ішінде шетел азаматтарына қатысты 16 мың әкімшілік хаттамалар толтырылды. Салынған айыппұлдың мөлшері 245 млн. теңге құрады, оның тек қана 38 млн. теңгесі  немесе 15% ғана өндірілді.

Шетел азаматтарына салынған айыппұлдарды өндірудің төмен нәтижелігіне келесі жағдайлар себеп болды:

- құқық бұзушылықтар «транзитпен» немесе қысқа мерзімге келген шетел жүргізушілерімен жасалады;

- сот орындаушылар бізде тіркелмеген шетел азаматтарына қатысты қаулыларды орындауға қабылдамайды;

- айыппұлдарды төлемеген шетел азаматтарына қатысты Қазақстанға кіруге және шығуға шектеу салу механизімінің жоқтығы;

- шетел азаматтары шекарадан өткен кезде төленбеген айыппұлдарына тексеріс жүргізілмейді;

- Жол қозғалысы ережелерін әкімшілік бұзу туралы істер жөніндегі шешімдерді өзара тану және орындау туралы Конвенциясы жұмыс істемейді. Оның үстіне аталған Конвенция Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанмен ратификацияланған жоқ, ал осы елдердің азаматтарына құқық бұзушылықтардың 90% келеді.

Үйлестіру кеңесі отырысының нәтижесінде уәкілетті органдарға шетел азаматтарынан айыппұлдар өндіру тиімділігін арттыруға бағытталған біраз ұсыныстар берілді.

Әкімшілік іс жүргізу субектілеріне хаттамаларды толтыру кезінде құқық бұзушыларға салынған айыппұлды жеті күн ішінде төлеген жағдайда айыппұл мөлшері 50 % қысқару мүмкіндігін түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

Облыс ІІД-не патруль қызметтерін айыппұлды орнында төлеу үшін мобильдік терминалдармен қамтамасыз ету ұсынылды. Шекаралық тексеріс пунктерінде айыппұлдарды төлеуге арналған терминалдарды орналастыруға ұсыныс жасалынды.

Төленбеген айыппұлдардың 98% жол жүру ережелерін бұзғаны үшін салынғандықтан, қазіргі уақытта құқық бұзушының құжаттарын алу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.