You are here

Сот дауларысыз бизнес

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Сот дауларысыз бизнес - 37013025

Павлодар облысының прокуратурасы ағымдағы жылы жеке кәсіпкерлерді Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 282-бабы 8-бөлігі бойынша (жыл сайынға лицензиялық алымды Салық Кодексінде белгіленген мерзімдерде және мөлшерде төлемеу) әкімшілік жауапкершілікке тарту тәжірибесін зерделеді.

Мынадай себептері анықталды:

Біріншіден, қызметті тоқтату кезеңінде лицензияның  қолда  қалу салдары туралы ақпараттың болмауы;

Екіншіден, лицензиялық алымды уақытылы төлемеу;

Үшіншіден, толық төлемеу.

Осыған орай мемлекеттік кірістер органына бұл бағыттағы жұмысты ұйымдастыру және әдістерін өзгерту бойынша ұсыныс бердік, «Сот дауларысыз бизнес» жобасына бастамашылық еттік.

Жобаның мақсаты – бизнес субъектілерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауына әкеп соқтыратын жағдайларды болдырмау.

Ол үшін кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді (жаднамалар әзірленіп, тапсырылды, БАҚ-та жарияланды), «Атамекен» КҰП-мен бірлесіп дөңгелек үстел өткізілді.  

Кәсіпкерлерге лицензиялық алымды төлеу мерзімі, есептеу тәртібі, 31 желтоқсанға дейін қызметін тоқтатқан жағдайда лицензияны қайтару қажеттілігі туралы түсіндірілді, себебі жаңа жылдан бастап лицензиялық алымды төлеу міндеттемелері туындайды.

Шынайы нәтижелерге қол жеткіздік. Бұндай істер саны біртіндеп азаюда, егер 2015 жылы  - 234 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 2016 жылы - 206, ал бүгінгі күні  67 кәсіпкер ғана жауапкершілікке тартылды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.