You are here

Табиғат қорғау прокуратурасы жалған дипломды пайдалану фактісін анықтады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Табиғат қорғау прокуратурасы талдау барысында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін аяқтағаны туралы көрінеу жалған құжатты пайдалану фактісін анықтады. Жасанды құжатты «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының қызметкері 6 жыл бойы пайдаланған.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында бұл жұмыскердің алған материалдық және өзге де табыстарының мөлшері анықталады.

Егер қызметкердің лауазымдық міндеттерінде жалған құжатта көрсетілген қабілеттері мен біліктіліктері қарастырылған болса, онда жұмыскердің еңбек кітапшасына себебі жазылып, ол жұмыстан шығарылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес көрiнеу жалған құжатты пайдалану –  үш жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.