You are here

Успен ауданында малсыз 21 жайылым анықталды.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымды жыл ішінде, аудан прокуратурасымен жалпы көлемі 7400 га астам жайылымы бар, бірақ ешбір мал басы тіркелмеген,  21 жер ұстаушы анықталды.

Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 1 бабындағы 4 тармақшасына сәйкес, жайылымдар – ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамындағы жер учаскелері, сондай-ақ жердің басқа санаттарының құрамындағы жер учаскелері.

Сонымен қатар, Заңның 14 бабындағы 3 пунктіне сәйкес екі жыл бойы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарлары болмаған не олардың саны жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болған және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабу болмаған жағдайда, жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген тәртіппен алып қоюға жатады.

Сондықтан, «Жерді қоданысқа»  жобасын іске асыру мақсатында, аудан прокуратурасымен аудан әкімі атына бақылау актісі қолданды.

Қарастыру нәтижесінде, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жазалауға тартылды, жерді келешек қорға енгізу бойынша біржақты тәртіпте келісім шарттарды бұзу жұмыстары атқарылады.

 

 

Успен ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.