You are here

Ветеринарлық ережені бұзған үшін Ұзынсу ауылдық округінің ветеринарлық пунктінің бұрынғы меңгерушісі В.И.Тимлер және жұқпалы індет жұққан малдың иесі Р.С.Абасов 1 жылға және 6 айға жазаланды.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

       Мәмілеге келтіруші өндірісінде  айыптау үкімімен 2016 жылғы шілде айында Ертіс ауданы Ұзынсу ауылында үш адамға жұғып, бір адамның өліміне әкеп соқтырған түйнеме ауруының тарауы туралы қылмыстық істі қарастыру аяқталды.

       2017 жылғы 22 ақпанда аудан прокуроры сотталушылар В.И.Тимлердің және Р.С.Абасовтың өтініштері негізінде басты сотта істі қарауда  сотталушылармен кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісімге келді.

       Ветеринарлық дәрігер В.И.Тимлер  жануарлардың аса қауіпті және энзоотикалық індеттеріне қарсы екпе жасау бойынша іс-шараларды тиісінше өткізбей, заң бұзушылық жіберген.

       Малдың иесі Р.С.Абасов малды сою алдында ветеринарлық тексеріс жүргізбей және сойылған мал етін ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өткізбей, сондай-ақ кейін сату үшін сойыс пунктінен тыс жерде ауылшаруашылық малдарын сойып, ветеринария ережесін бұзған.  

       Процестік мәмілеге келуде кінәлі тұлғалар айыптауды толық мойындады, дәлелдемелерді, іс-әрекетті саралауды, келтірілген залалдың сипаты мен мөлшеріне қатысты дауласқан жоқ.

       Ертіс ауданы сотының үкімімен Ертіс ауданы Ұзынсу ауылдық округінің ветеринарлық пункті меңгерушісі В.И.Тимлер және жұқпалы індет жұққан малдың иесі Р.С.Абасов ауыр зардаптарға әкеп соқтырған ветеринарлық ережені бұзған үшін кінәлі деп танылып, оларға 1 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандықтарын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

       Процестік шығындар өндірілді, жәбірленуші тараптың талап арызы ішінара қанағаттандырылды, прокурордың мемлекет пайдасына 4 миллион теңгеден астам сома мөлшерінде шығындарды өндіріп алу туралы талап арызы қанағаттандырылды. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.