You are here

Жас мамандардың құқықтарын қорғау

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Павлодар ауданы прокуратурасының ұсынымы бойынша білім беру саласындағы мамандарға 6 млн. теңгеден астам сомаға тұрғын үй сатып алуға несие берілді. 

Аудандық прокуратура денсаулық сақтау және білім беру салаларының мамандарына ұсынылатын әлеуметтік қолдау көрсету шараларын талдау барысында жергілікті атқарушы орган тарапынан аталған мамандарға қолдау көрсетпеу фактісі анықталды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы маманға 3,4 млн. теңге көлеміндегі бюджеттік несие берілді, білім беру саласындағы 2 маманға 6,8 млн. теңге сомасына тұрғын үй сатып алуға несие бөлінді.

Жалпы орта білім беру мектептерінің 12 мұғаліміне жалпы сомасы 1,9 млн. теңге болатын біржолғы көтерме жәрдемақы бөлінді.

Павлодар ауданының прокуроры Қ.М. Шұғаев денсаулық сақтау саласында жылжымайтын мүлік объектілерін салуға немесе сатып алуға бюджет қаражатын бөлуді ұсынды.

Тұрғын үй алу кезегінде тұрғандар үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру мәселесін қарастыру ұсынылды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.