You are here

Мақалалар

Қазақ

Құрметті азаматтар!

 

Ғаламтор мен электронды төлем құралдары қарқынды дамуда. Нарықта осы құралдарға ақшаны тиімді инвестициялаймыз деген сияқты көптеген ұсыныстар бар. Алайда оны қалай дұрыс жасау керектігін барлығы бірдей біле бермейді.

Оны алаяқтар өз мақсаттарына пайдалануда. Қаржы пирамидаларының адал ұйымдардан айырмашылығы неде?

Пікірлер саны: 0

Азаматтық процесстегі прокурордың ролі

        2015 жылы 6 мамырда Астана қаласында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған 100 нақты қадамды анықтады.

        Осы 100 нақты қадамның бірі – сот процедураларын оңтайландыру мен сот процесін жеделдету мақсатында азаматтық-құқықтық даулар бойынша прокурордың қатысуын азайту болды.

Пікірлер саны: 0

Кім кінәлі?!

       Табиғат қорғау прокуратурасы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманың сақталуын тексеру барысында Павлодар облысының мемлекеттік экологиялық инспекторларының экологиялық заңнама талаптарын бұзған үшін заңды тұлғалардың орнына өндірісте жұмыс істейтін жеке тұлғаларды заңсыз жауапкершілікке тартқанын анықтады.

Пікірлер саны: 0

«Тіпті сынған сағат та тәулігіне екі рет дұрыс болады»

       Экология департаментінің зертханасы осы қағиданы ұстана отырып, талдау үшін қолдану мерзімі өткен өлшеу құралдарымен жұмыс жасайтын болуы керек.  

       Табиғат қорғау прокуратурасының тексерісі кезінде Павлодар облысы Экология департаментінің зертханасында экологиялық заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету үшін қолдану мерзімі өткен өлшеу құралдары мен құрылғыларының қолданылатыны анықталды.

Пікірлер саны: 0

Май ауданының прокурорлары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық ұйымдармен бірлесіп аймақтағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатындағы іс-шаралар жоспарын құрды.

       Көп жылдар бойы елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізіліп келеді.  Жыл сайын бұл проблема Елбасының Қазақстан Халқына Жолдауында  жариялануда.  Президентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мемлекет саясатының басты бағыты».

       Май ауданының прокуратурасы да аталмыш тақырыпта семинар өткізіп, осы мәселеге өз үлесін қосуды жөн көрді.

Пікірлер саны: 0

Кәсіпкерлер құқығын қорғау

       «Пресновское» ШҚ өтінішін қарау кезінде Павлодар ауданының прокуратурасы Павлодар аудандық әкімдігінде 5 ауылшаруашылық тауарларын өндірушіге субсидия беру туралы өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылғанын анықтады.

       Бұндай ахуал кәсіпкерлік пен қоғамның дамуы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара әрекеттесуіне кері әсер етеді,  яғни  Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 3 бабы 1 тармағына қайшы келеді.

Пікірлер саны: 0

Аудан жастары арасында «Жастар нашақорлыққа қарсы» атты баскетбол және футбол спорт түрінен аудандық ашық жарыс

       Бүгінгі күні нашақорлықтың салдарына азап шегіп, өмірімен қош айтысып жатқан адамдар саны қаншама, осы орайда  нашақорлықтың алдын алу  және     жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Баянауыл ауданының прокуратурасымен ұйымдастырылған және оған қызығушылық танытқан ауданның дене тәрбиесі және спорт бөлімі,  ішкі саясат бөлімі, , қорғаныс істері бөлімі және ішкі істері бөлімінің    ат салысуымен    2017 жылдың  9-11 ақпан аралығында   Баянауыл ауылы «Жас дәурен» оқу-сауықтыру орталығының спортзалында және Майқайын кентінде  «Жастар нашақо

Пікірлер саны: 0

Заң туралы не білесің?!

       «Салауатты аймақ-қауіпсіз!» және «Жастар есірткіге қарсы» бағдарламалары шегінде Павлодар ауданының прокуратурасы жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына  арналған «Жасөспірімдердің құқығын қорғау» викторинасын өткізді.  

       Балалар үш топқа бөлініп, Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу деңгейін анықтайтын блиц-сауалнамаға қатысты. Мысалы: қай жастан бастап әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылады,  құқық бұзушылықтың түрлері, алкогольдің және есірткінің зияны туралы және т.б.

Пікірлер саны: 0

Зейнетақымен бағаланған қателік

 

        Павлодар облысы прокуратурасының араласуымен 78 жастағы зейнеткердің зейнетақы төлемі қалпына келтірілді.

       Өткен жылдың 1 желтоқсанынан бастап  1939 жылғы 05 қазанда туған Анна Иосифовна Богатыреваға зейнетақы төлеу тоқтатылған, себебі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының деректер базасында оның қайтыс болғаны туралы жазба пайда болған.

Пікірлер саны: 0

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Депутаттары Май аудандық прокуратурасында болды

2017 жылғы  06 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Депутаттары Н.М. Әбдіров, А.Т.Қожахметов, М.К.Пшембаев Май аудандық прокуратурасында болды.  Осы сапар барысында депутаттарға қылмыстың алдын алу және жолын кесу бойынша профилактикалық сипаттағы құжаттар ұсынылып, осының нәтижесінде  аумақта қылмыс мөлшерінің төмендеуіне қол жеткізілгені түсіндірілді. 

Пікірлер саны: 0

Беттер


Subscribe to RSS - Мақалалар
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.