You are here

Аудан жастары арасында «Жастар нашақорлыққа қарсы» атты баскетбол және футбол спорт түрінен аудандық ашық жарыс

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

       Бүгінгі күні нашақорлықтың салдарына азап шегіп, өмірімен қош айтысып жатқан адамдар саны қаншама, осы орайда  нашақорлықтың алдын алу  және     жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Баянауыл ауданының прокуратурасымен ұйымдастырылған және оған қызығушылық танытқан ауданның дене тәрбиесі және спорт бөлімі,  ішкі саясат бөлімі, , қорғаныс істері бөлімі және ішкі істері бөлімінің    ат салысуымен    2017 жылдың  9-11 ақпан аралығында   Баянауыл ауылы «Жас дәурен» оқу-сауықтыру орталығының спортзалында және Майқайын кентінде  «Жастар нашақорлыққа қарсы» атты баскетбол және футбол  спорт түрлерінен аудандық ашық  турнирі өткізілді.

       Баскетбол спорт түрінен  жарысқа қатысуға ниет білдірген 4 команда жасақталды, Баянауыл ауылынан 3 команда, Майқайың кентінен 1 команда қатысты. Барлығы       30-дан астам спортшы қатысты. Командалар ептіліктерімен күштерін сынап, өздерінің спортқа биімділіктерін көрсетті.

       Жарыстың қорытындысы бойынша «Баянауыл жастар командасы» –       І орынды, «Жеңіс» құрама командасы ІІ орынды,  Ш. Айманов атындағы мектеп – интернатының құрама командасы  – ІІІ орынды иеленді.  Жоғары деңгейде ойын көрсеткен ойыншылар аудан прокуроры А.Шолимовтың атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Жеңімпаз және жүлдегер командаларға кубоктар мен медальдар табысталды.

       Шағын футбол  спорт түрінен жарысқа қатысуға ниет білдірген 9 команда жасақталды, Баянауыл ауылынан 2 команда және Майқайың кентінен 7 құрама командалары қатысты. Барлығы 70-тен астам спортшы қатысты. Командалар ептіліктерімен күштерін сынап, өздерінің спортқа биімділіктерін көрсетті.

        Шараның қорытындысы бойынша Майқайың кентінің «Төтенше жағдайлар жөніндегі» құрама командасы І орынды, ІІ орынды «Майқайың мешіті» құрама командасы және  «Майқайың алтын» АҚ құрама командасы ІІІ орынды ие болды. Үздік ойын көрсеткен ойыншылар аудан прокуроры А.Шолимовтың атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Жеңімпаз және жүлдегер командаларға кубоктар мен медальдар табысталды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.