You are here

Азаматтық процесстегі прокурордың ролі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

        2015 жылы 6 мамырда Астана қаласында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған 100 нақты қадамды анықтады.

        Осы 100 нақты қадамның бірі – сот процедураларын оңтайландыру мен сот процесін жеделдету мақсатында азаматтық-құқықтық даулар бойынша прокурордың қатысуын азайту болды.

        Аталмыш өзгерістер әділсоттылыққа қол жетімділік пен сот шешімдерінің әділеттілігін арттыруға бағытталған. Тиімділігін арттырудың бірден-бір жолы - сот процедураларын оңтайландыру мен сот процесін жеделдету болып табылады.

        Мемлекеттің мүдделерін қозғайтын істер бойынша, қоғамдық мүдделерді (жаппай жұмыстан шығару, еңбек ұжымдарына жалақы төлемеу) немесе өздерін өз бетінше қорғай алмайтын азаматтарды қорғау талап етілгенде, сондай-ақ прокурордың қатысу қажеттілігін сот немесе прокурор таныған кезде ғана, азаматтық сот өндірісінде прокурордың қатысуы міндетті болып табылады.

        Бүгінгі күнде ҚР Азаматтық процестік кодексінің нормаларына сәйкес, прокурордың қатысуы міндетті істердің тізімі бекітілгендігі, азаматтық сот өндірісінде заңдылықты қадағалауды қаматамасыз ететін прокурорлардан елеулі дәрежеде жүктемені азайтып, нақты істер бойынша сапасыз қорытынды бергендігі үшін прокурордың жауапкершілігін арттырды.

        Сәйкесінше, процессуалдық заң бойынша бекітілген азаматтық процесстегі прокурордың қатысуын азайту, әділсоттылықты жүзеге асыруда қағидалар мен заңдардың сақталуына қосымша кепілдік болып табылады.

        Сонымен қатар, прокурорларға  сот отырысында анықталған заңнаманы бұзушылықтарды анықтап, мемлекеттің, халықтың әлеуметтік қорғаудағы бөлігінің мүддесін жеке ұйғарым шығаруға өтінішхатты уақытылы енгізу міндеті жүктелген.

        Өткен уақыт кезеңінде Павлодар облысының соттарымен, ҚР АПК 270 бабының 1 т. сәйкес міндетті істер категориясы бойынша 34 жеке ұйғарым шығарылған.

        Оның ішінде 33 жеке ұйғарым қатысушы прокурорлардың өтінішхаты бойынша шығарылған, яғни соттардағы анықталған заңбұзушылықтарға уақытылы ден қоюдың тиімділігі  93 % құрайды.

        Институционалдық реформалардың екінші блогын жүзеге асыру мақсатында заманауи технологияларды енгізу және қолдануға ерекше назар аударылғандықтан, елеулі дәрежеде сот өндірісін жеңілдетіп, бюрократиялық бөгеттерді жойып, азаматтардың әділсоттылыққа қол жеткізу мүмкіндігін көбейтеді. «Сот кабинеті», «Сот құжаттарымен танысу», «Істерді тыңдау тізімі», «Соттық шақырулар», «Төрелік» ақпараттық жүйесі, сот процесіне қатысушыларды СМС және электрондық пошта арқылы хабарландыру жүйесі секілді сервистер сәтті түрде қызмет етуде. Сот отырысының залы аудио және видеоқұрылғылармен жабдықталған.

        Сот процесіне енгізілген заманауи технологиялар сот өндірісін жеңілдетіп, сот процедураларының айқындығын жоғарылатып, өз кезегінде сот жүйесінің имиджін көтермелеп, қазақстандықтардың сенімінің артуына қол жеткізуге мүмкіндік берді.

        Тараптардың сайысушылығы мен диспозитивтілігінің күшеюі, шаруашылық субъектілерінің экономикалық қатынастарының дамуы, меншік формаларының әр алуанды болуы елеулі түрде прокурордың азаматтық процесстегі ролі мен функцияларын өзгертті. Сондықтан да, прокурордың азаматтық-құқықтық дауларды шешуде қатысуының азаюы – заңды қадам.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.