You are here

Қазақстан Республикасының Конституция күні

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Конституция күні - Қазақстан Республикасының ең басты мерекелерінің бірі және бұл мереке жыл сайын 30 тамызда атап өтіледі.

Яғни, 1995 жылғы 30 тамызда жалпыұлттық референдумда еліміздің Негізгі заңы қабылданды.

Міне, осы мемлекеттік мереке күні еліміздің барлық өңірлерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады – мерекелік концерттер, флешмобтар, тақырыптық тұсаукесерлер, көрмелер және т.б.

Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет екендігін жариялай отырып,  туылғаннан бастап адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін бірінші орынға қояды.

Конституция мемлекетіміздегі барлық құқықтық жүйенің өзегі болып табылады және  өзге заңдардың мән-мағынасын айқындайды.

Конституция қабылданған кезден бастап оған бірнеше рет түзетулер енгізілді, соның бірі – еліміздегі заңдылыққа жоғары қадағалауды жүзеге асыру.

Конституцияның жаңартылған 83-бабы 1-тармағына сәйкес Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады

Замануи мемлекетте прокуратураның рөлі туралы мәселе талай дау тудырғаны мәлім.

Отандық прокуратураның қалыптасуы және дамуы барысында белгілі бір өзіне тән принциптері мен міндеттері бар  бұндай мемлекеттік органның қажет екендігіне көз жеткіздік.

Конституцияға енгізілген түзетулерді жүзеге асыруды  қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 30 маусымда «Прокуратура туралы» жаңа заң қабылданды.

Құқықтық мемлекет құру, нарықтық қатынастар жүйесі және кәсіпкерлік қызметті дамыту жағдайында заң бойынша мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілер қызметіндегі заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалаудың шектері мен нысандарын белгілеу маңызды болып табылады.

Прокурордың құзыреті, құқықтары мен міндеттері, оның жауапкершілігі айқын көрсетілген, прокуратураның міндеттері белгіленген, тексерілетін субъектілердің құқықтары мен міндеттері берілген, прокурорлар тексеру тағайындау үшін негіздемелер, сондай-ақ прокурорлардың сотқа талап арызбен жүгінуіне негіздемелер қысқартылған.

Жалпы алғанда, Конституция және заң новеллалары прокуратура органдары қызметін жетілдіруге бағытталған. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.