You are here

«Құқық бойынша меншік иесі» атты жобаны жүзеге асыруы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокуратурасы әзірленген жобаларды  жүйелі түрде жоспарлап, жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жобалық менеджмент қағидаларын белсенді түрде қадағалау қызметіне енгізуде.

Адам үшін өмірлік қажетті құндылықтардың қатарында оның тұрғын үйге деген құқығы және оны жүзеге асыруға берген мемлекеттің кепілдігі ерекше орын алады. Тұрғын үй адамның басты, іргелі қажеттіліктерінің бірі болып табылады.

Осыған байланысты 90-жылдары жойылған мекемелердің берген ордерлерімен пәтерлерде тұрып жатқан азаматтардың заңды мүдделерін қорғау мақсатында Павлодар облысы аумағында  «Құқық бойынша меншік иесі» жобасы жүзеге асырылды. Бұл жоба азаматтардың құқықтарын қорғауға, бюрократиялық кедергілерді жоюға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметін жүйелендіруге бағытталған.

Жобаның мақсаты – сот органдарына жүгінбей-ақ, уәкілетті органмен жалға алу шартын жасасу мүмкіндігі.

Біздің бастамамыз бойынша 2009 ж.20.02. «Жалдау шартын және қосымша келісімді беру кезіндегі құжаттардың тізімін бекіту туралы» №12-Ө бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы 2016 ж.09.09 бұйрықпен ордерден жалдау шартына қайта тіркеу үшін міндетті құжаттардың тізімі қайта қаралды.

Ағымдағы жылдың басынан 112 отбасыға сот органдарынан тыс пәтерлерін заңдастыруға жәрдем көрсеттік.

2015-2016 жж. облыс соттары аталған санат бойынша 150 талап арызды қарастырған болса, 2017 жылы қабылданған шаралардың арқасында соттарға жоғарыда аталған мәселелер бойынша бірде-бір талап арыз келіп түскен жоқ.

Жобаны  Бас прокуратура оң тәжірибе ретінде атап өтіп, еліміздің өзге өңірлеріндегі әріптестеріміз осындай жұмыстарды қолға алды.

Қол жеткізген нәтижелерге тоқтамай, жылжымайтын мүліктерді иесіз  деп тану бойынша уәкілетті органдардың жұмысы мен сот тәжірибесіне талдау жүргіздік. Нәтижесінде коммуналдық меншік деп тану туралы сотқа тиісті талап арыз берілмеген 110 иесіз қалған пәтер анықталды. Сондай-ақ сот актілері шығарылған 63 пәтерге қатысты меншік құқығы тіркелмегендігі анықталды. Коммуналдық меншіктегі 60 пәтерде қажетті құжаттары жоқ тұлғалар тұрып жатқан. Кезекте тұру құқығынан айырылған 10 тұлға (қайтыс болған, басқа өңірге немесе шет елге көшіп кеткен) кезекте тұрушылар  тізімінен табылды.  

Біздің тарапымыздан қабылданған шаралардың арқасында 8 жетім баланың тұрғын үйге деген кезектері қалпына келтіріліп, оның ішінде 4 жетім бала көптен күткен тұрғын үйлеріне қол жеткізді. Сондай-ақ 42 объекті коммуналдық меншікке қабылданып, оның ішінде 34 пәтерге құқықтар тіркелді, тұрғын үйден шығару туралы 28 талап арыз берілді. Аталған шаралардың нәтижесінде тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімінің жедел «жүруіне» септігіміз тиді.

Ақсу қ. иесіз қалған тұрғын үйлерге қатысты алаяқтық фактілері анықталды. Осы фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, 2 тұлға сотты болды.

Қабылданған ұйымдастырушылық және үйлестірушілік шаралар азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған біздің жұмысымыздың нақты нәтижесі түріндегі белгілі мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік берді.

 

               4-ші Басқарма прокуроры                                                                                                                                    Г.Абенова

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.