You are here

Май ауданының прокурорлары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық ұйымдармен бірлесіп аймақтағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатындағы іс-шаралар жоспарын құрды.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

       Көп жылдар бойы елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізіліп келеді.  Жыл сайын бұл проблема Елбасының Қазақстан Халқына Жолдауында  жариялануда.  Президентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мемлекет саясатының басты бағыты».

       Май ауданының прокуратурасы да аталмыш тақырыпта семинар өткізіп, осы мәселеге өз үлесін қосуды жөн көрді.

       Семинар өткізу барысында «сыбайлас жемқорлық» сөзінің мағынасы терең талқыланды әрі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған үшін жауапкершілікке тартылу мәселесіне баса назар аударылды.  Сонымен қатар прокурорлар республикамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу үшін белгілі заңнама базасы құрылғанын атап өтті.

       Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы нормативтік құқықтық база 17 заңмен жетілдендірілген,  олар ұлттық заңнаманы  қолданыстағы халықаралық  стандартқа сәйкестендіреді.  

       Аудан прокуратурасының сыбайлас жемқорлықққа қарсы  қоғамдық ұйымдармен және саяси партиялармен бірлесіп атқарған жұмысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижесіне оң әсер етті. Барлық мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдық бағдарламалар және жоспарлар қабылдануда, бұл жоспарларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі іс-шаралар енгізілді.

        Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік атмосферасы туындағанда ғана, осы  зұлымдықпен күресте оң нәтижеге қол жеткізуге болады.  

       Еліміздің әрбір азаматы  сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік атмосферасын құрып, оны жою бойынша іс-шараларға қатысуы қажет. Біз бәріміз бірігіп сыбайлас жемқорлықты жеңе аламыз!

 

 

Май аудандық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.