You are here

«NEXT ұрпағы» жобасы немесе тәртібі «қиын» балалардың көшбасшылық жолы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«NEXT ұрпағы» жобасы немесе тәртібі «қиын» балалардың көшбасшылық жолы - 1867787548

Біздің өңірдегі өзекті мәселелердің бірі балалар арасындағы қылмыстылық болып табылады.

Екібастұз қаласында бір кездері барлық мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар балалар мен жасөспірімдерді спорттық үйірмелерге әуестендіру арқылы жеткіншектер жасайтын қылмыстармен күресіп келді.

Алайда Екібастұз қ. прокуратурасымен жүргізілген талдау көпшілік жағдайда барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар жұмысты өздерінің бағыттарында ғана атқарғандығы, яғни ортақ ұйымдасқан жұмыстардың болмағандығын көрсетті.

Сондықтан біздің бастамамызбен әлеуметтік қауіпті немесе қиын өмірлік жағдайларға тап болған кәмелетке толмағандар арасында бақылаусыздық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесіне жататын,  яғни тиісті есепте тұрған балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік оңалтуға бағытталған «NEXT ұрпағы» жобасы әзірленіп, жүзеге асырылуда.

Осы жоба шеңберінде прокурорлар балалармен жұмыс жасауға барлық мемлекеттік органдарды тартып, олардың арасында нақты міндеттері мен қызметтерін белгіледі.

Мәселен, қала прокуратурасының, әкімдіктің және аймақтың үздік психологтарының қатысуымен маршруттық парақтар әзірленді. Екібастұз қ. ІІБ спорттық үйірмелер мен спартакиадалар ұйымдастырды.  Сондай-ақ балалардың музыкалық және сурет салу қабілеттері назардан тыс қалған жоқ, жасөспірімдерді, тиімді қарым-қатынас жасау, дау-жанжалдарды шешу, сонымен қатар креативті ойлауға жетелейтін тұлғалық және психологиялық дамуға арналған тренингтер өткізіледі.

Бүгінгі күні бірқатар балалар есептен шығарылғандығына қарамастан, жобада ары қарай қалуға ниет білдіріп, үйірмелер мен тренингтерден қалмай қатысуда.

Біздің мақсатымыз тәртібі «қиын» балаларды түзету ғана емес, олардың көшбасшылық қасиеттерін дамытып, аталған жолдағы балаларға жағымды әсер ету, жалпы алғанда, өскелең ұрпақтың құқық бұзушылықтарға деген төзбеушілігін қалыптастыру болып табылады.

«NEXT ұрпағы» жобасы немесе тәртібі «қиын» балалардың көшбасшылық жолы - 1555738013

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.