You are here

«Тіпті сынған сағат та тәулігіне екі рет дұрыс болады»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

       Экология департаментінің зертханасы осы қағиданы ұстана отырып, талдау үшін қолдану мерзімі өткен өлшеу құралдарымен жұмыс жасайтын болуы керек.  

       Табиғат қорғау прокуратурасының тексерісі кезінде Павлодар облысы Экология департаментінің зертханасында экологиялық заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету үшін қолдану мерзімі өткен өлшеу құралдары мен құрылғыларының қолданылатыны анықталды.

       Заманауи өлшеу құралдары мен құрылғыларының жоқтығына байланысты толыққанды аспаптық бақылау жүргізілмейді. Сапалық ескірген зертханалық құрылғылар мен өлшеу құралдары қолданылып, техникалық жабдықталуы нашар болғандықтан, құрылғылардың өлшемдерін жедел жүргізуге мүмкіндік жоқ.

       Заңнамамен реттелген тәуекелді  бағалау жүйесін бұза отырып тексеріс жоспарлау, қауіпті қалдықтар бойынша есеп ұсынбайтын табиғатты пайдаланушыларға қатысты шаралар қолданбау, қате өлшемдерді қолдану сияқты өзге де заң бұзушылықтар анықталды, бұлар шығын сомасын азайтуға әкеп соқтырған.

       Табиғат қорғау прокуратурасының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынымы бойынша Павлодар облысының Экология департаменті бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі, сонымен қатар 5 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 3 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.