You are here

Зейнетақымен бағаланған қателік

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

        Павлодар облысы прокуратурасының араласуымен 78 жастағы зейнеткердің зейнетақы төлемі қалпына келтірілді.

       Өткен жылдың 1 желтоқсанынан бастап  1939 жылғы 05 қазанда туған Анна Иосифовна Богатыреваға зейнетақы төлеу тоқтатылған, себебі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының деректер базасында оның қайтыс болғаны туралы жазба пайда болған.

       Ағымдағы жылғы 27 қаңтарда зейнеткер прокуратураға жүгінгеннен кейін, бұл жазбаның Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында қате енгізілгені анықталды, онда 1939 жылғы 28 ақпанда туған Анна Иосифовна Богатырева деген басқа азаматша қайтыс болғаны туралы факті расында да анықталды (2016 жылғы қарашада қайтыс болды).

       Прокуратураның тапсырмасы бойынша «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментімен (бұрынғы – ЗТМО) тиісті деректер базасы жедел түзетілді және ағымдағы жылғы 1 ақпанда зейнеткерге тиесілі барлық төлемдер оның шотына аударылды.

       Сөйтіп, алдағы уақытта да  прокуратура азаматтардың өтініштері бойынша әрекет ететін болады.  

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.