You are here

Жаман әдет және жауапкершілік

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Статистикалық ақпараттарға сәйкес 2017 жылдың 6 айында облыс соттарына алкоголизммен ауыратын азаматтарды еріксіз емдеуге жіберу туралы 227 талап арыз келіп түскен.

Алкоголизм, нашақорлық және уытқұмарлық аурулары азаматтардың денсаулығына, елдің генофондына залал келтіріп, қылмыстылық пен құқық бұзушылықтардың артуына себеп болады.

Жалпы, алкогольге тәуелді тұлғалар шын мәнінде мәжбүрлі емдеуге мұқтаж азаматтар болып табылады, себебі қылмыстардың 90 % алкогольдік мастық жағдайында жасалады, осынау бір жаман әдеттің кесірінен отбасылар бұзылып, тумысынан ауруға шалдыққан балалар дүниеге келеді.

Осыған байланысты, сот мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу туралы істерді қарастыру кезінде, емдеуден бас тарту жағымсыз жайттарға әкеп соғуы мүмкін екендігін ескере отырып, арызданушының өтінішіне сәйкес шешімді жедел түрде орындауға жібереді.

Жоғарыда аталған себептерге байланысты, облыс прокуратурасымен 2015-2017 жж. алкоголизм, нашақорлық және уытқұмарлыққа шалдыққан науқастарды мәжбүрлі түрде мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелеріне жіберу туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына анализ жүргізілді.

Бұл категория бойынша тұлғаларды мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу туралы соттардың шешімдерінің орындалуы аса маңызды, себебі алкогольдік, нашақорлық (уытқұмарлық) тәуелділіктегі науқастар көп жағдайда емдеу шараларынан өтуге қызығушылық танытпайтын тұлғалар болып табылады.

Соттардың мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу туралы шешімдеріне анализ жүргізе келе, сот актілері орындалмаған 52 факт анықталды. Нәтижесінде, ем-дом шараларын қабылдаудың орнына, аталған тұлғалар өздерінің жаман әдеттеріне беріліп, қылмыс және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған (1 тұлға кісі өлтірген, 5 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған).

Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 10 тармақшасына сәйкес, ішкі істер органдары өзінің құзыреті шегінде сот шешімімен тағайындалған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан жалтарып жүрген адамдарды іздеуді жүзеге асыруға, оларды ұстауға және арнаулы медициналық мекемелерге жеткізуге міндетті.

Алайда, аталған заң нормаларының орындалмауы салдарынан, ІІО 11 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі күнде 52 орындалмаған сот актілеріндегі 37 тұлғаның орналасқа жері анықталып, алкоголизмнен емделуге жіберілді.

 

4-ші Басқарма прокуроры                                                                                                                                                                          Г.Абенова

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.