You are here

Бос орындар

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Павлодар облысының прокуратурасы» ММ «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасу үшін барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс қатысушыларына қойылатын ортақ біліктілік талаптар:

С-О-5 санаты үшін: мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;**
6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
С-О-5 83 282 112 431

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

«Павлодар облысының прокуратурасы» ММ 140000, Павлодар қаласы Лермонтов көшесі, 3 үй, анықтама телефоны 8(7182) 31-50-82, 31-50-80, электрондық мекенжай 7182382@prokuror.kz, прокуратура органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды:
1. Облыс прокуратурасының қаржы және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты (№09-03 индексі) – 1 бірлік:
Функционалдық міндеттері: EIAS (Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының порталы) веб-порталына мәліметтерді уақытылы енгізу жұмысына жауапты тұлға; прокуратура органдары инфрақұрылымдарының мұқтаждықтары үшін технологиялық шешімдерді мониторингілеу және талдау, прокуратура органдарында іске асырылатын IT-жобалардың техникалық құжаттамаларын дайындау әдіснамасы; электронды сандық қол қоюды есепке алу; ақпараттық жүйе қызметі үшін қажетті барлық шығын түрлері бойынша ақаулар актілерінің баға ұсыныстарын бере отырып, алдағы үш жылғы кезеңге Бюджеттік өтінімге есептер мен негіздемелер әзірлейді; тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемелекеттік сатып алу жоспарын құру үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға мәліметтер ұсынады және мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзіміне дейінгі айдың 15-нде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу жоспарын орындау үшін ақпараттық жүйелердің қызметіне қажетті сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтердің техникалық ерекшеліктерін дайындап, ұсынады; аппараттық-бағдарламалық құралдарды, телекоммуникациялық желілер және мәліметтерді таратуға, байланыс жүйесін, бейне, аудио жүйелерді таңдауға, талдауға және енгізуге жауапты тұлға; бағдарламалық-аппараттық құралдардың техникалық сараптамасын жүргізуге қатысады, аппараттық-бағдарламалық құралдарды, телекоммуникациялық желілер және мәліметтерді тарату, байланыс жүйесін, бейне, аудио жүйелерді есептен шығару бойынша ұсыныстар енгізеді, сериялық нөмірлері бойынша есеп жүргізеді; ақпараттық жүйелерді енгізу және жүйелердің инфрақұрылымын жандандыру жұмыстарын үйлестіруді, прокуратура органдары жүйесінің бағдарламалық-аппараттық құралдарына техникалық және жүйелік қызмет көрсету жұмыстарын талдау және үйлестіруді жүзеге асырады; ағымдағы және болашақ жұмыс жоспарларын, өз құзыреті шегінде өзге де құжаттарды әзірлеуге, прокуратура органдарын ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты ұйымдастыру-өкімдік құжаттарды әзірлеуге қатысады; прокуратура органдарының ақпараттық ресурстарын қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырып, бақылайды; басқа ұйымдардың мамандарының жабдықтарды жөндеуін бақылайды; өз құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздік саласында жобалардың орындалып, жүзеге асуын, сондай-ақ олардың үздіксіз жұмысының қамтамасыз етілуін бақылайды, есептеу техникасы құралдарын қолдана отырып, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру жұмысын жүргізеді; ақпараттық қауіпсіздік жүйесін пайдалануға қабылдау бойынша іс-шараларға қатысады; пайдаланушылардың ақпараттық ресурстарға (интернет, электрондық пошта, ақпараттық жүйелер және т.б.), локальді есептеу және корпоративті желілерге қол жеткізу құқықтарын ұсыну жұмыстарын бақылайды; Бас прокуратураның дерекқорлар базасы мен сервердегі ақпараттарын резервті көшіру жұмыстарын уақытылы өткізу бойынша бақылауды қамтамасыз етеді; облыс прокуратурасының желілік қауіпсіздігін (ақпаратқа заңсыз қол жеткізуден, жүйелік файлдар мен мәліметтерді қарау немесе өзгертуден қорғау) қамтамасыз етеді; басшылыққа желіні теріс пайдалану жайттары және қабылданып жатқан шаралар туралы уақытылы хабарлайды; телекоммуникациялық жүйелердің сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар кешенін жүргізеді; прокуратура органдары мен мекемелерінің ғимараттарында, соның ішінде көліктік және әскери прокуратураларда бейне бақылау, СКУД және ОПС жүйелеріне техникалық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді және бақылайды; облыс прокуратурасының ғимаратына кіру үшін СКУД карточкаларын есепке алады және береді, қызметкер прокуратура органдарынан жұмыстан шыққанда карточкаларын алады; әрбір қызметкердің рұқсатын бақылау және басқару карталарымен біріктірілген автоматтандырылған жұмыс орындарына рұқсат алу үшін смарт-карталарын кезеңдеп енгізуді жүзеге асырады; Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімін (СДТБТ) жүргізуге жауапты қызметкерлерді флэшкалармен және СИОПСО (құқық қорғау органдарының ақпараттық алмасу жүйесі) флэшкаларымен қамтамасыз етеді; күзету-өрт дабылы жүйесінің тиісті режимдегі қызметін бақылайды; байланыс желілерін салуда техникалық қадағалауды ұйымдастырады; өндірістік негізгі құралдарға түгендеу жүргізуді ұйымдастырады, ескірген жабдықтарды анықтайды; басшылықтың, басқарма басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды; құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, оларды белгіленген тәртіпте мұрағатқа ресімдеу және тапсыруды қамтамасыз етеді.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім құқық саласында, экономикалық.
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі №158, 2016 жылғы 19 мамырдағы №104 бұйрықтармен еңгізілген өзгерістерін ескере отырып) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталу мерзімі 30 күннен аспаған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінезделер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конқурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін 2 сағат алдын ала кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттар «Павлодар облысының прокуратурасы» ММ, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 3 үй мекенжайында өткізіледі.және уәкілетті органның сайтында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.
Әңгімелесуге жіберелген кандидаттар оны кандидаттарды әнгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде «Павлодар облысының прокуратурасы» ММ-де өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысын ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылары қатыстыруға жол беріледі. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады. Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.
Тестілеу бағдарламасымен қарастырылған нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қанынастарды реттейтін ҚР заңдарын білу.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қанынастарды реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілері. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламалары бойынша жұмыс істеу дағдыларының болуы.
Азаматтар конқурсқа қатысу шығындарын (әнгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттарды есебінен жүргізеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңңамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.