You are here

Баспасөз орталығы

Құқық бұзушылықтар үшін 1 381 жүргізуші куәлігі алынды

Ағымдағы жылы Павлодар облысының прокуроры С.С.Қарамановтың бастамасымен алқа отырысында облыс ІІД жергілікті полиция қызметіндегі түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жүргізуші куәлігінен айыру туралы сот қаулысын орындау мәселесі бойынша тексеру нәтижелері қаралды.

2015-2016 жылдары облыс соттары жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін 6 мыңнан астам жүргізушіні куәлігінен айырғаны анықталды, оның ішінде 2 мыңнан астам құқық бұзушының жүргізуші куәлігін полиция қызметкерлері алмай, сот қаулысы орындалмаған.

Пікірлер саны: 0

Успен ауданында малсыз 21 жайылым анықталды.

Ағымды жыл ішінде, аудан прокуратурасымен жалпы көлемі 7400 га астам жайылымы бар, бірақ ешбір мал басы тіркелмеген,  21 жер ұстаушы анықталды.

Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 1 бабындағы 4 тармақшасына сәйкес, жайылымдар – ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамындағы жер учаскелері, сондай-ақ жердің басқа санаттарының құрамындағы жер учаскелері.

Пікірлер саны: 0

«Жастарды деструктивті діни ықпалдан қорғау – біздің ортақ міндетіміз»

Осы аптада облыс прокурорлары облыс дін істері басқармасы және «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС-мен бірлесіп, «Жастарды деструктивті діни ықпалдан қорғау – біздің ортақ міндетіміз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Жастар арасындағы діни экстремизм идеяларының таралу мәселелерін қозғады, көрсетілген саладағы 18-29 жас аралығындағы жастармен жасалынған қылмыстарға талдау жасады.

Пікірлер саны: 0

Ашық есік күні

2017 жылғы 30 мамырынан бастап, аудан прокуратурасының бастауымен, «Ашық есік күні» акциясы аясында,Успен ауданы прокуроры және мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен ауыл тұрғындарын қабылдауы жүргізіледі.

Пікірлер саны: 0

День открытых дверей природоохранной прокуратуры

          Құрметті тұрғындар! 2017 жылғы 7 маусымда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін  Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы ғимаратында (Ломов көшесі, 21) және 2017 жылғы 14 маусымда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін  Екібастұз қаласы әкімдігінің ғимаратында (М.Жүсіп көшесі, 45) Павлодар облысы прокуратурасының табиғат қорғау прокуратурасы «Ашық есік күні» науқанын ұйымдастырады.

          Іс-шараға экология, қоршаған ортаны қорғау, су ресурстары, орман шаруашылығы және жануралар әлемі саласындағы уәкілетті органдар да қатысады.

Пікірлер саны: 0

Ағымдағы жылдың 4 айында былтырғы жылдың өзі мерзімімен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық сипаттағы қылмыстар саны екі есеге азайған.

Бүгінгі күнге сыбайлас жемқорлықпен күресу жолындағы негізгі құжаты ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің (2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986) Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы болып табылады.

Құқыққорғау органдар сыбайлас жемқорлықпен күресу жұмысының сапасын көтеруде азаматтардың құқықтарымен бостандықтарының Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне осындай жағымсыздықтан қатерден қорғауға бағытталған.

Пікірлер саны: 0

Құрметті азаматтар!

 

Ғаламтор мен электронды төлем құралдары қарқынды дамуда. Нарықта осы құралдарға ақшаны тиімді инвестициялаймыз деген сияқты көптеген ұсыныстар бар. Алайда оны қалай дұрыс жасау керектігін барлығы бірдей біле бермейді.

Оны алаяқтар өз мақсаттарына пайдалануда. Қаржы пирамидаларының адал ұйымдардан айырмашылығы неде?

Пікірлер саны: 0

Павлодар прокурорлары мемлекеттің 64 млн теңге сомасын жоғалтудың алдын алды

        Павлодар қаласы прокуратурасының наразылығы бойынша Павлодар қалалық сотының «Павлодар облысының жерді пайдалануды бақылау мен қорғау басқармасы» ММ-нің «А» азаматқа жалпы аумағы 1,2 га пайдаланылмайтын жер учаскесін ықтиярсыз алу туралы қуынымы бойынша шығарылған заңсыз шешімінің күші жойылды.

         Сот уәкілетті органның талабын негізсіз деп танып, жоғарыда аталған жер учаскесін ықтиярсыз алудан бас тартты.

Пікірлер саны: 0

Азаматтық процесстегі прокурордың ролі

        2015 жылы 6 мамырда Астана қаласында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған 100 нақты қадамды анықтады.

        Осы 100 нақты қадамның бірі – сот процедураларын оңтайландыру мен сот процесін жеделдету мақсатында азаматтық-құқықтық даулар бойынша прокурордың қатысуын азайту болды.

Пікірлер саны: 0

Прокуратура жетімдердің құқықтарын қорғауда

        Екібастұз қаласының төрт отбасы мемлекеттен пәтерге қол жеткізді. Тұрғын-үй беру мәселесі бойынша жетім балалардың құқықтарын қорғауға  прокуратураның араласуынан кейін олар пәтер кілтіне ие боды.

 

        Павлодар облысында 26 мың адам пәтер алу кезегінде тұр. Көбі тосумен оннан аса жыл өткізеді. «Меншік иесі болуға құқылы» обасының аясында Екібастұз қаласының прокуратурасымен жергілікті тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автокөлік жолдары мен жолаушылар көлігі Бөлімінің қызметі тексерілді.

Пікірлер саны: 0

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.