You are here

Ашық есік күні

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ашық есік күні - 2044019516

2017 жылғы 30 мамырынан бастап, аудан прокуратурасының бастауымен, «Ашық есік күні» акциясы аясында,Успен ауданы прокуроры және мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен ауыл тұрғындарын қабылдауы жүргізіледі.

 Бір терезе принцип негізінде, әртүрлі саладағы мәселелерді шешу үшін және Қазақстан Республикасының заң нормаларын түсіндіру мақсатында, Успен ауданы прокуратурасы бақылау ведомстволарының қызметкерлерімен бірлесіп, бастаманы енгізді: тұрғындар өтініштерін әртүрлі мемлекеттік ұйымдарының өкілдері қабылдайды (аудан әкімдігі, ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі, жер қатынастар бөлімі, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ветеринария бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, жергілікті полиция қызметі, салық басқармасы, әділет басқармасы, кәсіпкерлер палатасы, аудандық орталық аурухана).

Бақылау ведомствосы аудан прокуратурасына өткен жылда  түскен өтініштерді қарастырды. Өтініштің көпшілігі мемлекеттік органдардың немесе коммуналдық қызмет органдардың қатысуын талап етеді. Осыған орай, прокуратура, мәселелерді нақты және құзыретіне қарай жедел шешу үшін, оларды ұжымды түрде қарастыру қажет екені туралы шешім қабылдады.

Осы аптада, Қаратай, Богатырь, Лозовой, Ковалевка, Қозыкеткен Белоусов ауылдық округ және Успен ауылдық округ ауылдарында кездесулер өткізілді.

Мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдерімен аудан тұрғындарына, кәсіптік оқыту, жұмыссыз жүрген азаматтарда жұмыспен қамту, АКК құру және ауылшаруашылық кешендерін мемлекеттік қолдау шаралары, ЖК тіркеу , міндетті медициналық сақтандыру туралы ақпарат бойыша кеңестік қызмет көрсетті.

Көбінесе аудан тұрғындары мемлекеттік органдарының спецификасын білмей, жауап іздеу үшін, бір органнан екінші органға жүгінеді.

Сонымен қатар, кейбір мемлекеттік органдар өтініштерді формалды түрде қарастырады.

Осындай фактілерді болдыртпау үшін, прокуратура тиісті акцияны ұйымдастырды. Шараның негізгі мәні күнделікті екі апта бойы әртүрлі коммуналдық және мемлекеттік органдарының басшылары мен өкілдерімен бірге ауылдарға шығып, азаматтар қабылдауын жүргізу.

Прокуратура барлық келген өтініш иелері нақты жауап алғанын бақылайды.

Тиісті акция, президент белгілеген құқық түсіндіру жұмысын күшейтіп, институциалды реформаларының орындауына, және де мемлекеттік органдарына тұрғындардың сенімін артуына бағытталған.

Акция барысында әртүрлі мәселелер бойынша прокурор жеке қабылдайды, барлық мәселелер өз шешімін табады.

 

Акцияның нәтижесі бойынша қорытындысы 12 маусымда шығады.

Тиісті акция оң нәтиже көрсеткен жағдайда, аудан прокуратурасымен  тиісті акциялар тұрақты өткізілетін болады.

 

Успен ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.