You are here

Кәмелетке толмағандарға қатысты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Кәмелетке толмағандарға қатысты  - 1066360125

Екібастұз қ. прокуратурасы алғаш рет әлеуметтік желілер арқылы жаңа туған нәрестелер мен үш жасқа дейінге балалардың Екібастұз қ. медициналық мекемелерінде толықтай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін алуда және оның қол жетімділігіне қатысты бөлігіндегі заңдылықтың жағдайына мониторинг жүргізді (әлеуметтік желіде 320-дан астам сұрақ қойылды).

Осы мәселеге қатысты ағымдағы жылдың 20 шілдесінде Денсаулық сақтау Басқармасы, Фармация Департаменті, Екібастұз қ. перзентханасы және қаланың 3 поликлиникасының өкілдерімен бірге бас қосу өткізілді.

Жүргізілген мониторинг пен басқа да шаралардың нәтижесінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне қатысты келелі мәселелер анықталды.

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің қол жетімсіздігінің айқын көрінісі болып, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексімен және медицина қызметкерлерінің салалық бұйрықтарымен қарастырылған жаңа туған нәрестелер мен олардың аналарына арналған қарапайым медициналық дәрі қобдишасының 100% берілмеуі болып табылады (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы №786 бұйрығымен бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі бір аурулары(жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесі»).

Бізге бұл бағыттағы жасалған жұмыстардың шикілігін әлеуметтік желідегі жазылушылар жеткізді және олардың сөздері статистикалық мәліметтер қуаттады:

1) 2015 жылы  2 575 жаңа туған сәбидің тек 1 388-і ғана немесе 53% ғана қамтамасыз етілген;

2) 2016 жылы  2 461 жаңа туған сәбидің тек 1 137-і ғана немесе 46% ғана қамтамасыз етілген;

3) 2017 жылдың өткен кезеңінде дүниеге келген 1 515 сәбидің 645—і ғана немесе 42 % ғана медициналық қобдишамен қамтамасыз етілген. Соның ішінде соңғы 2 айда туған 72 бала жоғарыда аталған көмектен құр қалған.

Сонымен қатар, 2015-2017 жылдар аралығында Екібастұз қаласының перзентханасында сәбилер мен аналарға арналған дәрілік қобдишалар тіптен берілмегендігін бөлек атап өту қажет.

Осыған байланысты, біз Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасының мекен-жайына тұрғындарды  әлеуметтік желілер, радио, теледидар, билборд, LED-экрандардың көмегімен жаппай хабарландыру туралы ұсыну енгізілді.

Сондай-ақ, қала прокуратурасымен жаңа туған сәбилердің аналарына арналған тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің шеңберінде қарастырылған негізгі құқықтары көрсетілген жадынама жасақталып, оны перзентханада дәрілер қобдишасымен бірге беру ұсынылды.

Аталған шаралар денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттің саясатының қағидаларына сай келуімен қатар, халықтың осал топтарын хабардар етуге септігін тигізеді.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.