Объявление конкурса | Павлодар облысының прокуратурасы

You are here

Объявление конкурса

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Құрметті кандидатар!

 

Жуық уақытта Павлодар облыс прокуратурасымен аудандық прокуратуралардың прокуроры лауазымына орналасу үшін конкурс жариялау жоспарлануда (лауазым санаты C-RGP-5).

Конкурс Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесіне сәйкес жүргізілетін болады (Бас Прокурордың 2014 жылғы 4 мамырдағы №40 бұйрығы).

Конкурс жарияланғанға дейін кандидаттарды алдын ала іріктеу және зерделеу жүргізіледі (Бас Прокурордың 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №156 бұйрығына сәйкес).

Бұл кезеңдерден өтуден бұрын мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құқық қорғау қызметіне алғаш тұратын кандидаттарға арналған тестілеуінен өту қажет.

Өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы беруге болады.

Бұдан әрі қажетті құжаттарды тапсырып, заңдарды білуге арналған прокуратурадағы тестілеуден өту (бұдан әрі - прокуратурадағы тестілеу), қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияның медициналық және психофизиологиялық куәландыруынан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өту және  ұлттық қауіпсіздік органдарындағы міндетті арнайы тексеріс қорытындыларын алу керек.

Аталған рәсімдерден өтуге арналған жолдамалар Павлодар  облыс прокуратурасының кадр қызметімен кедергісіз беріледі.

Тілек білдірушілер бүгінгі күннен бастап Павлодар облыс прокуратурасына Павлодар қаласы Лермонтова,3 қөшесі мекенжайы және 315080, 315118 телефондары бойынша жүгінуіне болады.

 

 

Павлодар облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.