You are here

Павлодар облысы прокуратурасының 2017 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмысы қорытындыланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылғы 26 шілде күні Павлодар қаласында облыс прокуроры Серік Қарамановтың төрағалық етуімен облыс прокуратурасы алқасының кеңейтілген отырысы өткізілді, онда өткен жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы шығарылып, алдағы кезең міндеттері айқындалды. Алқа жұмысына қала және аудан прокурорлары, облыс прокуратурасының қызметкерлері қатысты.

Облыс прокуроры «Прокуратура туралы» жаңа Заңның қабылдану маңыздылығын және  жұмыстың жаңа форматына көшуде ұйымдастырушылық пен тәжірибелік шаралар кешенін өткізу қажеттілігін атап өтті. Енді прокурорлық қызметтің негізгі бағыттарына қылмыстық қудалау, қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысын қадағалау және соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету жатқызылады. Әлеуметтік-экономикалық саладағы қадағалау мәселелері қадағалау ерекшелігі ескеріле отырып, қайта бағдарланатын болады.

Сондай-ақ прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруда туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды, прокурорлардың есептері тыңдалды, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету шаралары талданды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.